КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ

19.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

Театр Үкіметтің 2000 жылғы 22 қаңтардағы №114 Қаулысы негізінде Астана қаласында 2000 жылғы 6 шілдеде «Ақ Орда» атауымен ашылды. Т. Альпиев театрдың алғашқы директоры және көркемдік жетекшісі болды. 2000 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен театрға қазақтың көрнекті опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі және «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Жаңа театр М.Төлебаевтың «Біржан Сара» ұлттық операсымен ашылды. Алғашқы балет З.М.Райбаевтың редакторлығымен Вячеслав пен Наталья Гончаровтар қойған «Аққу көлі» болды. Премьера қойылымында бірінші күні Мәскеуден шақырылған солистер Н.Чернобровкина мен Д.Забабурин билесе, екінші күні қазақстандық жас биші солистері Д.Сушков пен Г.Құрманғожаева жеке өнер көрсетті. Театр ашылғаннан кейін алты ай өткен соң, театрдың бас балетмейстері қызметіне Т.Ә.Нұрқалиев тағайындалып, театрдың балет труппасының жетекшісі болды. Біраз уақыттан кейін Г. Бурибаева театрда педагог-репетитор, қоюшы ретінде жұмыс істей бастады.

Жаңа астаналық театр А.В.Селезнев ат. АХУнің 43 түлегі мен 2 курс студенттерінен құралды. Оларды мерзімінен бұрын босатып, бітіру дипломдарын табыстау туралы шешім қабылданды.

Классикалық мұраның қойылымдарын меңгеру жас балет труппасының стратегиялық міндетіне айналды. Қойылым жасау үшін әлемдік хореографиялық өнердің танымал шеберлері шақырылды: С. Вихарев («Жизель», «Коппелия», «Шопениана», «Карнавал»), Ю. Григорович («Тщетная предосторожность», «Корсар»), А. Канделоро (Италия) («Эсмеральда»), Б. Аюханов («Кармен»), Ш. Терегулов («Вальпургиева ночь», «Дон Кихот»), Ж. Годен (Франция) («Игорь, Глория, Ванесса»), М. Паррилла (Италия) («Сильфида»), Е. Иванова («Щелкунчик»). Ұлттық спектакльдердің қойылымдарында да белсенді ізденістер болды: В.Гончаров («Әлқисса», «Қыс қиялы», «Мәңгілік алау»); Д.Авдыш (Бәйтерек). Бас балетмейстер Т.Нұрқалиевтің өзі екі балет қойды - «Бахчисарай бұрқағы» және «Баядерка» (Г.Бурибаевамен бірге). Театр жұмысы кезінде барлығы 24 балет қойылды.

Жаңа театрдың бастауында тұрған қазақ балет мектебінің талантты түлектері кейін әр түрлі театрлардың жетекші солистері болды: Г.Құрманғожаева, Ж.Әубәкіров, С.Кауков, Г.Усина, М.Унербаева, Т.Гатауов, Т. Р.Сейітбеков, Т.Тен, Р.Асанов, А.Мұқатова. Осы жылдар ішінде труппамен әртүрлі педагоги-репетиторлар Г. Тлесбаева (Кокамбаева), З.Үмбетқұлова, С.Турибаев, Д.Зайнуллина, Р.Сейітбеков жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы №43 Қаулысымен К.Байсейітова ат. ҰОБТтаратылды.

Медиа галерея