КӨРШІЛЕР

13.11.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

Бір актілі қойылым.

Музыка - Паулгигер, Карл Мария фон Вебер, Йорг Фаэрлер. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира менГүлнара Ғаббасовалар.

Премьерасы 2002 жылғы 20 қыркүйекте «Тәңірі-Умай» («Тенгри-Умай») халықаралық заманауи өнер фестивалінде М.Ю.Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрының сахнасында өтті.

Орындаушылар: Гүлмира мен Гүлнар Ғаббасовалар.

Белгілі бір кеңістікте жасы ұлғайған актриса мен жасы келген балерина бірге тұруға мәжбүр. Бір кездері Бүкіләлемдік даңқ пен көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болған олар бүгінде қоғамда қажетсіз болып шықты. Спектакльдің басты лейтмотиві - Ф.Раневскаяның: «Біртүрлі, жан-дүниең, ішкі сезімің он сегіз жаста. Әдемі музыкаға, өлеңдерге, кескіндемеге таңданасың. Ал, енді саған уақыт келді, сен ештеңе істеп үлгермедің, бірақ енді ғана өмір сүре бастағандайсың».