КАНЕТОВ Нұрлан Исмағұлұлы
Өмірбаяны
12.03.1975 ж., Орал қ.
Балет әртісі, педагог.
Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (2004 ж.), «Йусуф туралы аңыз» балетіндегі басты партияны орындағаны үшін Ресей Федерациясының әдебиет және өнер саласындағы «Мәдениеттер диалогының қазіргі жағдайында ұлттық эпос дәстүрлерін дамытқаны үшін» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006); Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2015 ж.).
1985-1993 - А. В. Селезнев ат. Алматы хореография училищесін «Балет әртісі» мамандығы бойынша бітірді, педагогтары: Тастанова Ж.Т., Мунтин М. И., Ахметшин И. М.;
2006-2011 - Н. Жиганов ат. Қазан Мемлекеттік консерваториясының (академия) студенті, мамандығы «Балет педагогикасы» .
1992-1996 - студент кезінде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының труппасына қабылданды. «Сильфида» балетінде Джеймс партиясында дебют жасады. Репертуары: Альберт («Жизель»), Зигфрид, pas de trois («Аққу көлі»), Джеймс («Сильфида»), Құл Әли («Корсар»), Дезире, Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Күйеу жігіт («Болеро») классикалық және Ұлттық репертуардың басқа партиялары.
1996-2018 - М. Джалил ат. Татар академиялық Мемлекеттік опера және балет театрының (ТАМОБТ) жетекші солисті және премьері. П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде Ханзада Зигфрид партиясында дебют жасады. Классикалық және заманауи репертуардың балеттерінде жетекші партияларды орындады: Ханзада Зигфрид, Ротбарт, pas de trois («Аққу көлі»), Граф Альберт («Жизель»), Ромео («Ромео мен Джульетта»), Колен («Бекер сақтық»), Ханзада («Щелкунчик»), Йусуф («Йусуф туралы аңыз», бірінші орындау), Красс («Спартак», Бірінші орындау), Арман («Камелия ұстаған ханым», бірінші орындау), Князь Дезире, Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Джеймс («Сильфида»), уәзір («Алтын Орда», бірінші орындау), Солор, Ұлы Брахман («Баядерка»), жігіт («Кармина Бурана немесе сәттілік дөңгелегі», алғашқы қойылым), Ханзада, Қарға («Ақшақар және жеті ергежейлі», алғашқы қойылым), Клод Фролло («Эсмеральда»), Хозе («Кармен-сюита»), Франц («Коппелия»), Исаак Ланкедем («Корсар»), Студент («Анюта»), Алладин («Мың бір түн»), Эспада («Дон-Кихот»), Бозбала («Шопениана»), Раушан түсі («Раушан түсі»). Концерттік нөмірлері: Руиши Сакамото «Туннель» (Е.Кузьминнің хореографиясы), Жюль Массне «Леда мен Аққу» (М. Яцевичтің хореографиясы), № 8 музыкалық Реквиемге қойылған «Мойындау» - Lacrimosa dies іlla Амадей Моцарт (С. Бондурдың хореографиясы).
2012-2018- М. Джалил ат. Татар академиялық Мемлекеттік опера және балет театрының балет солисі ретіндегі жұмысын педагог-репетитор лауазымымен ұштастырды.
2018-2020 - Қазақ ұлттық хореография академиясы «Хоеография» факультетінің деканы.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап - «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі.
Марапаттары: «Жаңа жұлдыз» номинациясы бойынша «Балет» журналының «Би періштесі» (Душа танца) сыйлығының лауреаты (2003 ж.), Қазақстан балет өнерінің осындай жоғары құрметке ие болған жалғыз өкілі болып табылады.
Библиография
- А.А. Мусинованың Нұрлан Канетовпен жеке хат алмасуы.
- В Москве в 24-й раз вручат единственный в России балетный приз «Душа танца» – ИА ТАСС – 2018. 30 апреля. Адрес URL: https://tass.ru/kultura/5169661 (Дата обращения: 22.03.2022).
- Шишанова О. Танцующий сердцем. – Новое поколение. – 2021. 6 октября. – Адрес URL: https://www.np.kz/news.php?id=1282(Дата обращения: 22.03.2022).
- Николай Кулагин мен Л.Бобылевтің суреттері Нұрлан Қанетовтың жеке мұрағатынан алынды.
Сілтемелер
- Абдрахимова А. Нурлан Канетов: «Сцена – лучшее лекарство!» - сайт Казахской национальной академии хореографии – 29 ноября 2019 года – URL: https://balletacademy.edu.kz/ru/nurlan-kanetov-the-scene-is-the-best-medicine/ (дата обращения: 02.09.2021);
- Канетов Нурлан Исмагулович – Руководство – сайт Театра «Астана Балет» – URL: (дата обращения: 02.09.2021) https://astanaballet.com/ru/administration/kanetov-nurlan-ismagulovich (дата обращения: 02.09.2021);
- Люди театра. Нурлан Канетов: «Театр – хорошая школа жизни»– URL: https://kazan-opera.livejournal.com/53505.html (дата обращения: 08.09.2021).