ҚАПАНОВ Адам Адамбекұлы
Өмірбаяны
(07.06.1962, Алматы қ.) - журналист, сценарист, жазушы, режиссер, меценат. Биология ғылымдарының кандидаты (1988), Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (2006), «Солнечный ветер» мәдениетті қолдау жеке қорының құрылтайшысы, ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосфера» халықаралық бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық комитетінің мүшесі, бірқатар қайырымдылық жобаларының авторы.
1984 - С. М. Киров ат. ҚазМУ-дың биология факультетін бітірген. 8 кітаптың, 4 деректі фильмнің, балет либреттосының және түрлі журналдар мен газеттерде 500-ден астам жарияланымның авторы, олардың ішінде көрнекті балет әртістері: Г.Түткібаева, А. Асылмұратова, С. Рахметова, Л. Альпиева, Г. Гафурова, Қ. Саркытпаева, А. Танықпаева және басқалардың шығармашылығы туралы материалдар бар.
2002-2010 - Ер адамдарға арналған алғашқы Қазақстандық иллюстрацияланған «ДМ маусымы» журналының бас редакторы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Үздік балет туындысы» үшін мемлекеттік грантының иегері (2008). А.Райымқұлованың екі актілі «Әуе көшпендісі» («Воздушное кочевье») балет спектакліне арналған либретто авторы (2010), либретто негізіне бірнеше рет басылған, ағылшын тіліне аударған өзінің осы аттас кітабның мазмұны алынды. 2018 жылы «Әуе көшпендісі» либреттосының негізінде «Астана Опера» театрында А. Райымқұлованың (хореограф. К. Зверева, РФ, сценография Р. Масирони, Италия) музыкасына «Заман тынысы» («Sounds of Time») бір актілі балеті қойылды. Балет туралы деректі фильмдердің сценаристі және режиссері: «Кәне бір, кәне екі, кәне...» («И раз, и два, и…), «Токо Шинодтың тірі картиналары» («Живые картины Токо Шинода»), «Таулардың фонындағы Балет», («Балет на фоне гор»), «Осында билейді» («Здесь танцуют») т.б. Көрнекті балерина Л. Г. Рудакова туралы «Өмір бойғы Адажио» («Адажио длиною в жизнь») кітабының, Венгрия Опера театрының жұлдызы Әлия Танықпаеваның шығармашылығы туралы «Балет көшпендісі» («Балетная кочевница») фотоальбомының авторы.