КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

21.11.2023  | Автор: Кульбекова А.К

Өмірбаяны

17.02.1947, Алматы қаласы.

Балет әртісі, педагог. ҚазССР Еңбек сіңірген әртісі (1976), ҚазКСР Халық әртісі (1981), «Әлия» балетінде Әлия рөлін сомдағаны үшін әдебиет, өнер, журналистика және сәулет саласындағы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1980).

1959-1966 жылдары - КСРО Мемлекеттік академиялық Үлкен театры жанындағы Мәскеу хореографиялық училищесінің оқушысы, педагогтары: С.М.Мессерер, Е.Н.Жемчужина.

1966-1986 жж. - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының прима-балеринасы. Репертуарлары: Никия ( Баядерка), Жизель (Жизель), Фригия (Спартак), Аврора ханшайым (Ұйқыдағы ару), Мария (Бақшасарай фонтаны), Джульетта (Ромео мен Джульетта), Франческа («Франческа да Римини»), Жас келіншек (алғашқы қойылым, «Кішкентай ханым мен бұзақы»), Баршагүл («Ақсақ-құлан», музыкасы А. Серкебаева), Әлия («Әлия», музыкасы М.Сағатов), Баян («Қозы Көрпеш - Баян-Сұлу», музыкасы Е.Брусиловский) және т.б.

Ол дүниежүзіндегі балет сахналарында биледі: Чехословакия (1973), Югославия (1979), Ұлыбритания (1974), Дания (1975), Үндістан (1976), Жапония (1978), Австрия, Финляндия (1980), АҚШ, Швеция (1981), ГДР (1984) және т.б. Оның орындаушылық шеберлігі лиризммен және сезімнің ерекше өткірлігімен сусындаған. Көрнекті балеринаның ұмытылмас бейнелері мен шығармашылығын көркемдік дарындылықпен және мәнерлілікпен үйлестіретін мінсіз мектебі екені белгілі.

1991-2020 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хореография және мәдени жұмыс кафедрасының профессоры, классикалық, тарихи және тұрмыстық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша хореографиялық пәндер оқытушысы, хореографтардың біліктілігін арттыру курсының директоры. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлікке шықты.

Ол Қазақстандағы қазақ балетінің, жоғары хореографиялық білім мен педагогиканың дамуына үлкен үлес қосты.

Медиа галерея

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна

КАСТЕЕВА Зарема Ахметовна