КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович

31.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович (8.10.1990 ж., Лениногор қ.) - педагог, зерттеуші, PhD докторы (2018 ж.).

2007-2011 - «Спорттық бал биінің педагогы» мамандығы бойынша бакалавриатты, «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша магистратураны (2011-2012) және Т.К.Жүргенов ат Қазақ ұлттық өнер академиясының докторантурасын (2015-2018) бітірген.

2008-2009 - «Megapolis» бірегей шоуының әртісі (Алматы);

2009-2010 - «Алтынбуби» би ансамблінің әртісі (Алматы);

2008-2009 - «Тарлан-спорт» би-спорт клубының спорттық бал биінің педагог-жаттықтырушысы (Алматы);

2009-2010 - «Ladanza» Premium класты би студиясының педагогы»;

2010-2013- «Нағыз сол балет» («Тот самый балет») би ұжымның негізін қалаушы және жетекшісі (Алматы);

2011-2013 - «Ken Mavishow» би ұжымның директоры; 2013 жылдан - «Sky dance» бал би ансамблінің көркемдік жетекшісі (Астана);

2014 ж. - «Kenzikeyev Dance School» жеке би мектебін ашты (Астана).

2000-2010 жылдар аралығында-спорттық бал билері бойынша жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы, жүлдегері және жеңімпазы.

2013-2015- Қазақ ұлттық өнер университетінің хореография факультетінің оқытушысы, «спорттық бал биінің педагогы» мамандығының негізін қалаушы. 2016 жылдан - хореография факультетінің Педагогика кафедрасының аға оқытушысы; 2021 жылдан - Қазақ ұлттық хореография академиясы «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі.

ҚР би спорты федерациялары қауымдастығының төрешісі. Әр жылдары әлемнің жетекші педагогтарының біліктілігін арттыру курстары мен шеберлік сыныптарынан өтті: Александр Мельников (Ресей), Gianni В Oria (Италия), Лассе Одегаард (Норвегия), Ute Streicher (Германия), Колин Джеймс (Англия), Фреди Новак (Словения), Эрик Соурдрау (Франция), Мириам Zwijsen-Bakke (Нидерланды), Сергей Беликов (Ресей), Марат Гимаев (Ресей), Дмитрий Тимохин (Ресей), Кирилл Белоруков (Ресей), Марсель Кайзер (Нидерланды) және т. б.;

2017 - музыкалық, би және бейнелеу өнері академиясындағы балет өнері бойынша мамандандырылған курс (Болгария Республикасы, Пловдив);

2018 жылы «Қазақстанның түркі халықтары дәстүрлі билерінің режиссурасы мен сахналық интерпретациясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, халықаралық журналдар мен ұжымдық монографияларда 15-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы («Түркі халықтарының билері», Алматы, 2001 ж.).

Сілтемелер

Медиа галерея

КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович

КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович

КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович

КЕНЗИКЕЕВ Руслан Владимирович