КИМ Лариса Валентиновна
Өмірбаяны
КИМ Лариса Валентиновна (27.02.1958 Ж., Оңтүстік Сахалинск қ., РФ)-ансамбль әртісі, педагог, балетмейстер. II дәрежелі «Достық» орденінің иегері (2008 ж.), қауымдастырылған профессор (2018 ж.),
1972-1977 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін «Халық би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша бітірген, педагогтары: М.З.Ахмедиева, И.К.Олзоева, А.Г. Ғабитова;
1994-1999 - Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында Б.Ғ.Аюхановтың шеберханасында оқыған.
1977-1996 - Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының солисі. 1996 жылы Корея Республикасының Ұлтттық Мемлекеттік театрында (Сеул қ.) тағылымдамадан өтті.
1996-2006 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері ретінде қойылымдарды іске асырды: «Океанополис» (Д.Скюбен, 1999), «Алмаз таулар туралы аңыздар» (Ким Мен Сом «Легенды алмазных гор» муз,1998), «Рондо Венециано» (Й.Гайдн), В.Моцарт (2001), «Сәттер» (Ф. Шопен, «Мгновения» жеке өмір беттері, 2003), «Түлкі сиқыры, немесе реинкарнация өнері» (Х.Миядзаки «Лисьи чары, или искусство перевоплощения», 2004), «Дала дастаны» (Ғ.Жұбанова, авторлары Т.Ізім., Г.Саитова, Л.Альпиева, Г.Г. Ғаббасовалар, 1997 ж.), «Одуванчик», «Жастықтың желі» (Ф.Гойа (2002), «Романс» (П.И.Чайковский, 2004). 2006 жылы - корей театрының бас балетмейстері.
1997 - «Алтынай» Мемлекеттік халықтық би ансамбліне Э.Богушевскийдің музыкасына «Достық» сюитасын қойды.
1998 - Қырғызстанның мемлекеттік би ансамблі үшін Я.Ханның музыкасына «Жемчужина» әйелдер биін қойды.
2006-2022 - Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының бас балетмейстері.
2006-2022 - Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрындағы қойылымдар, оның ішінде концерттік бағдарламалар: «Махаббат әуендері», «Би кеші», «Ұрпақтар арқылы»; музыкалық спектакльдерді хореографиялық көркемдеу: «Егер сен болмасаң кім?» («Кто, если не ты?»), «Кену-Тина»;» «Янбан туралы аңыз» («Сказание о Янбане»), «Көктемгі жел», «Екі мырзаға бір қызметші», («Слуга двух господ»), «Ким Сендалдың қулықтары» және т. б.
2002 - А.Танықпаеваға Мәскеудегі балет әртістерінің байқауына арнап, «Түнгі құс» хореографиялық миниатюрасын қойды (Дипломант, 2002).
1997-2004 - А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы.
1998-2001- Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің педагогы және хореография бөлімінің меңгерушісі.
2004-2022- Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография факультетінің «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, педагогы, профессор. «Әлем халықтарының билері» оқу құралының (2017 ж.), кәсіптік бағдар беру жұмыстарына арналған құралдардың (2018 ж.) авторы, «Түркі халықтарының дәстүрлі билері» ұжымдық монографиясының авторларының бірі (2021 ж.), халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы және хореографиялық педагогика және заманауи балет режиссурасы мәселелері бойынша ғылыми мақалалардың авторы.
Салтанатты концерттердің, ірі мәдени-бұқаралық жобалардың режиссер-балетмейстері: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 6-сессиясы (ОБСЕ), ШЫҰ-ға (ШОС) мүше мемлекеттердің өнер фестивалі, ЕурАзЭҚ (ЕврАзЭС) халықтар мәдениеті фестивалі, «Астана-түркі әлемінің астанасы», жыл сайынғы «Қазақстан халықтары Ассамблеясы», «Ұлттық бірлік күні», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және т. б.
Марапаттары: «Үздік балетмейстер» номинациясы бойынша «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының лауреаты.