КИМ (Ли) Римма Ивановна
Өмірбаяны
КИМ (Ли) Римма Ивановна (01.01.1946 ж., Күйген кенті, Алматы облысы) - ансамбльдің солисі, балетмейстер. Қазақстан Республикасы Халық әртісі (1995 ж.).
1960-1964 - Ташкент хореографиялық училищесін «Би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша бітірген.
1964 - Өзбекстан мемлекеттік би ансамблінің солисі.
1965 - Мукими атындағы мемлекеттік музыкалық театрда жұмыс істеді. (Ташкент қ., Өзбекстан).
1966-1970 - ҚазКСР ән-би ансамблінің солисі. Репертуары Шығыс халықтарының билерінен, қазақ билерінен (Б.Байқадамовтың «Жайлаудағы кештер», Л.Хамидидің «Алатау баурайында» композициялары) тұрды. Р.Ким Қазақ КСР ән-би ансамблінде Ауған, Сирия, Пенджаб билерінің сахналық нұсқаларын жасау үшін жұмыс істей жүріп, композицияларға Халық-сахналық би элементтерін енгізді. Жаңа, күрделі техникамен байытылған би эмоционалды бола бастады, хореографиялық композициялардың көп қырлы сұлулығын ашты.
1969-1989-мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының солисі. Көрермендер арасында «Желпуішпен би», «Қылышпен би» көрермендер көңілінен шыққан туындылар болды. Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрында қоюшы-хореограф бола отырып, ол өзінің шығармашылығымен Қазақстандағы корей сахналық биін жаңа сатыға көтерді. Корей театрының «Ариран» ансамблінің спектакльдері мен концерттік бағдарламаларында көптеген билерді сахналады. Оның театрдың балет тобына арнап қойған билері VI Халықаралық фестивальде 2 орынға ие болды (Алматы, 2001 ж.).
1990 жылдан бастап, «Чинсон» би ансамбліндегі жұмысымен қатар балалар би студиясын құрды. Осы студияның негізінде «Бидульги» ансамблі дүниеге келді. 1994 жылы «Сәуір көктемі» фестивалінің лауреаты атанды (Пхеньян, КХДР). «Бидульги» ансамблі Қазақстандағы және басқа елдердегі: Корея, Жапония, Испания, Үндістан, Тайланд, Канада, АҚШ-тағы ірі мәдени-бұқаралық іс-шаралардың, фестивальдер мен концерттерге белсенді түрде қатысуда.
Көптеген жылдар бойы шығармашылық және педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, КХДР-да тағылымдамадан өтіп, өзінің корей би мектебін құрды. Корей би ансамбльдерінде оқу бағдарламасын жасады. Өзінің әдістемесінде бай материалды жинақтады. Оның шәкірттері би ұжымдарында педагог-репетитор, хореограф болып жұмыс істейді.
Марапаттары: «Республикаға сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісінің иегері (1982 ж.); В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, «Екатерина II» орденінің иегері (1995 ж.).