КОЛОДЕНКО Владимир Михайлович

08.01.2024

Өмірбаяны

(26.06.1907, Одесса қ. - 9.08.1980, Алматы қ.)-театр суретшісі. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1938), Суретшілер Одағының мүшесі (1940), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

Суретшілік білімді Одесса көркемсурет училищесінде алды.

1926 - Бүкіл Украинаның алғашқы сурет көрмесінің қатысушысы.

Одесса, Новосибирск, Ленинград, Свердловск, Томск, Баку, Куйбышевте суретші-декоратор болып жұмыс істеді.

1937 жылдан бастап Алматыда жұмыс істеді, Қазақ опера және балет театрының бас суретшісі қызметін атқарды. Опералық спектакльдердің қоюшы-суретшісі: А. Даргомыжскийдің «Су перісі» («Русалка»), М. Мусоргскийдің «Борис Годунов», А. Бородиннің «Князь Игорь», Е. Брусиловскийдің «Алтын астық»; 1940 жылы 8 қарашада тұсауы кесілген «Көктем» алғашқы ұлттық балеттерінің бірі.

1945 - Ұлы Отан соғысынан кейін Алматыға оралып, Абай ат.МАОБТ жұмысын жалғастырды. Опера және балет қойылымдарына сценография жасады: «Евгений Онегин», П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» («Спящая красавица»), «Чио-Чио-Сан», Дж. Пуччини, Р. Глиердің «Қызыл гүл» («Красный мак»), А. Жұбановтың «Төлеген Тоқтаров», Н.Жигановтың «Алтыншаш» және т. б. Театрдағы қызметімен қатар қалалық пейзаж жанрында жұмыс істеді, оның туындылары Ә. Қастеев ат.ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының қорында сақтаулы.

Медиа галерея

КОЛОДЕНКО Владимир Михайлович

КОЛОДЕНКО Владимир Михайлович