КОВАЛЕВ Юрий Павлович

21.11.2023  | Автор: Кульбекова А.К

Өмірбаяны

(13.09.1906, Санкт-Петербург қ. - 12.04.1966) - балет әртісі, хореограф. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1946).

Балет білімін Ленинград хореография училищесінде (ЛХУ) (қазіргі А Я. Ваганова атындағы орыс балет академиясы.) кешкі курстарында алды.

1925-1936 - Санкт-Петербург, Харьков және Свердловск театрларының балет әртісі.

1936-1945 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. Репертуары: Зигфрид («Аққу көлі»), Альберт («Жизель»), Ханзада Дезире («Ұйқыдағы ару»), Фрондосо («Лауренсия»), Вацлав («Бақшасарай бұрқағы»), Базиль («Дон Кихот»), Айдар («Көктем») және т. б. Алғашқы күндерден бастап сахнадағы жұмыстар педагогикалық және балетмейстерлік қызметпен айналысты.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында А.Делибтің «Коппелия» (1937, 1944), Ц.Пунидің «Конек-Горбунок» (1939), П. Чайковскийдің «Аққу көлі» (1940), Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» (1942), Л. Минкустың «Дон Кихот» (1945), П. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» (1954), Р. Глиердің «Қола салт атты» («Медный всадник»,1955) атты класикалық мұраға айналған балеттерін қойды.

1956 - Л.Степановтың музыкасына «Жоңғар қақпасы» ұлттық балетін қойды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (екінші редакциясы), М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», М.Төлебаев пен Е. Брусиловскийдің «Амангелді», А. Зильбердің «Бекет» ұлттық операларында қазақ билерін сахналады.

Ю.П.Ковалев кәсіби сахнада ұлттық хореографияны дамытудың бастауында тұруымен қазақ балетінің дамуына елеулі үлес қосты.

Медиа галерея

КОВАЛЕВ Юрий Павлович

КОВАЛЕВ Юрий Павлович

КОВАЛЕВ Юрий Павлович

КОВАЛЕВ Юрий Павлович