КОВТУН Георгий Анатольевич
Өмірбаяны
(19.02.1950, Одесса қ., КСРО) – балетмейстер, режиссер. РСФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Татарстан Республикасының Халық әртісі (2010).
1966-1970 – Одесса хореографиялық мектебінің студенті, Одесса музыкалық театрында балет әртісі.
1969-1970 – «Хореографиялық миниатюралар» Одесса ансамблінің хореографы және балет әртісі.
1970-1973 – Воронеж хореографиялық училищесінің студенті, «Юность Воронежа» хореографиялық ұжымының жетекшісі.
1973-1975 – Душанбе қаласындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет әртісі және хореограф.
1975-1977 жылдары – Қиыр Шығыс әскери ансамблінде жұмыс істеді
1977-1978 жылдары – Бурят опера және балет театрында болды.
1985 – Н.А.Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясын «Қоюшы-хореограф» мамандығы бойынша бітірді.
1981-1985 – Чукот-эскимос «Эргырон» ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері.
1986-1987 – Мәскеу еврей театрының бас режиссері.
1987-1994 – Киевтің балалар мен жасөспірімдерге арналған опера және балет театрының бас балетмейстері, онда 30-дан астам балет қойған.
1990-1992 – Георгий Ковтун драма театрының бас режиссері (Киев, Украина).
1994-1996 – М.П.Мусоргский (Михайлов театры) атындағы Санкт-Петербург опера және балет театрының балетмейстері. 1996-1998 – Омбы музыкалық театрының бас балетмейстері.
2000 жылдан бастап Санкт-Петербург консерваториясында балет режиссурасы кафедрасында сабақ береді.
300-ден астам қойылымның авторы: «Жақсылық пен зұлымдық туралы ертегі» («Сказка о Добре и Зле») балеттері (1983), «Қарға туралы аңыз» («Легенда о вороне», 1983), «Эргырон» Чукот-эскимос ән-би ансамблі; Н.А.Мартыновтың «Санкт-Петербургтегі түстер» («Петербургские сновидения»), Т.Твинингтің «Ақымақтар кемесі» («Корабль дураков»), А.Костиннің «Жын» («Демон»), А.Хачатурянның «Спартак» (2008), А.П.Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы «Қыпшақ билері» сахнасы, Ж.Бизенің музыкасына қойылған «Кәрілікке арналған Концерт» («Концерт для старости»), Михайлов театрындағы Ш.Гуноның «Фауст» операсындағы «Вальпургиев түні»; Э.Григтің «Пер Гюнт», Л.Любовскийдің «Йусуф туралы аңыз» («Сказание о Йусуфе», 2010), Р.Ахиярованың «Алтын Орда» (2013), М.Джалил атындағы Қазан опера және балет театрындағы, «Аида», «Ұшатын голландиялық» («Летучий голландец»), «Көкектің айқайы» («Крик кукушки»), «Кармен» Ж.Бизе (2011) операларындағы би нөмірлері: Е.А.Лапейконың «Ромео мен Джульетта» рок-операсы (2002), А.Пантыкинның «Силикон» (Silicon Fool. NET) мюзиклі (2009) Одесса музыкалық комедия театрында және т. б.
«Астана Балет» театрында «Вальпургиева түні» спектакльдерінің қоюшы – балетмейстері Ш. Гуно (2017), «Қозы Қорпеш-Баян Сұлу» (2021) А. Райымқұлова және Р. Сәлімовтің «Қар ханшайымы» (2022) балеттерін іске асырды.