ҚЫДЫРБЕК Балнұр Балғабекқызы

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(13.06.1955, Алматы қ.)-композитор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2014), «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан композиторлары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

1973 - К. Байсейітова ат. республикалық мамандандырылған музыка мектебін бітірген.

1973-1978 - Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясында профессор Қ. Қожамияров сыныбында білім алды.

1980 жылдары үрлемелі оркестрге «Мерекелік увертюра», «Аза күй», «Дуэль» шығармалар жазған алғашқы қазақстандық композитор. Абай ат. МАОБТ-да қойылған «Айдаһар мен Қарлығаш балалар балетіне музыка жазды (Балетмейстер З. Райбаев, 1996). «Наурыз мейрамы хикаясы» балетінің музыкасы «Астана-Бәйтерек» байқауының Гран-Приімен марапатталды.

19 қаңтар 2007 ж. К. Байсейітова ат.ҰОБТ-ның сахнасында «Қалқаман-Мамыр» Опера-балетінің премьерасы (Б.Қыдырбек, Ш. Құдайбердиевтің осы аттас поэмасы негізінде Қ. Кенжетаевтың либреттосы) болды. «Бекболат», «Resisting the Fate», «Ерлік» симфониялық поэмаларының авторы. «Реквием» композициясы қазақстандық музыкалық өнердегі осы жанрдың алғашқы композициясы болып табылады, ол үшін композитор ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.