ЖЕЛТОРАҢҒЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - Қуат Шілдебаев. Либретто - Бақыт Қайырбеков. Хореография және қойылымы - Анвара Садықова. Сценография - Жандос Омаров. Костюм суретшісі - Наталья Протасова. Жарық суретшісі - Евгений Тихонин. Бейне тізбегі - Данияр Ибраев.
Премьерасы 2020 жылдың 6 қарашасында өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Желтораңғы - Аңсаған Көбентай; Желтораңғының жаны - Дилара Шомаева; Бозбала - Фархад Буриев; Ағаш кесушілердің серкелері - Қазбек Ахмедьяров, Эльдар Сәрсембаев.
Желтораңғы ағашын қазақтар - «жел ұя» немесе «жел шақыратын тораңғы» деп атайды. Бұл таңғажайып ағаш туралы халықтың қиын сынақтардағы төзімділігін бейнелейтін көптеген аңыздар сақталған. Балет адам мен табиғаттың текетіресінен сыр шертеді. Желтораңғы шағылдың басталуына қарсы тұруға күш тапты, төтеп берді, шыңдалды, оны қоректендіретін күшті тамырларға ие болды. Күтпеген жортуылшылар ағашты кесуге кіріскенде ержүрек Жігіт Желтораңғыны қорғауға бел буды. Ол сұлу Желтораңғыны қорғап ажал құшты. Ал Желтораңғы қорғаушысын жоқтап ұзақ қайғырды. Желтораңғының мұңды дауысы жолаушыларды шошытты. Уақыт өте келе қайғысы сейіліп, тәккаппар күшке айналып, жалғыздыққа бой алдырды. Желтораңғы әлі күнге дейін құмды қысымға төтеп береді, барлық жолаушылар үшін көлеңкелі саясы, пана болды, құстардың әніне қуанды. Ол өзінің ұзақ мұңлы зарын тек дала желіне ғана айта алады, ал жел болса оларды тыңдай отырып, тынышталып, оның иілген бұтақтарында тербеледі.