ӘЛЕМ

24.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композиторлар - Арманд Амар, Болат Гафаров. Либретто - Бақыт Қайырбеков, Никита Дмитриевский. Хореография, қойылымы және жарық - Никита Дмитриевский. Сценография және компьютерлік графика - Леонид Басин. Костюмдер - Ася Соловьева. Суретші-өрнектеуші - Светлана Иванова.

Премьерасы 2014 жылдың 27 маусымында өтті. Спектакль «Астана Балет» театрының труппасына арналған.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шынайы жан - Назерке Ахмет; Жанның қараңғы жағы - Жібек Мешітбай; Жанның нұрлы жағы - Зере Исмаилова; Ақ Ене - Аяулым Макумова; Хор қызы - Риза Қанатқызы.

Ақ Ене - Киелі Ана- жаңа өмірді дүниеге әкелуге дайындалуда. Дүниежүзілік ағаштың жапырағы сияқты мың жанның ішінен тек біреуі ғана, яғни жер әлемінде өмір сүруге қауқарлысы таңдалады. Ақ Ененің көмекшілері - Дін қызметкерлері, үш әлемнің саяхатшылары: жоғарғы, орта және төменгі. Олар Өмір Ағашын қорғайды. Оның жапырақтары жер қабығына оранғысы келетін Жандар. Дін қызметкерлері, оларды жер бетіндегі өмірдің сұмдықтары,аштық, жалғыздық және азаптың қорқыныштары туралы ескертеді. Дегенмен, әрбір Жан әлі де таңдалып, әлемді сұлулықпен нұрландырғысы келеді. Өз жолымен жүру үшін Жан сынақтардан өтуі керек, бұл қорқыныш, белгісіз, зұлымдық күштерімен және Хаостың әскерімен күрес. Осы сынақтарда Жан Әлем - Ғалам деген атқа ие болады.

Медиа галерея

ӘЛЕМ

ӘЛЕМ

ӘЛЕМ

ӘЛЕМ