ӘЛКИССА
Өмірбаяны
2 актілі балет ертегісі.
Композитор - Ринат Салаватов. Либретто - Әлжан Шомаев, Вячеслав Гончаров. Хореография және қойылымы - Вячеслав Гончаров. Сценография - Вячеслав Окунев. Қоюшы-дирижер және аспаптық өңдеу - Абзал Мухитдинов.
Премьера 2006 жылы 29 және 31 наурызда К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Әйгерім - Мәдина Өнербаева, Анель Абдуллина; Арыстан - Олжас Маханбеталиев; Айша - Мәдина Өнербаева, Анель Абдуллина; Қаракөз/Жалмауыз Кемпір - Гүлфайрус Құрманғожаева, Айжан Мұқатова; Ұлы дала Ханы - Рүстем Сейітбеков; Құшан ханы - Жанат Сәрсембаев; Бұлғар ханы - Рүстем Асанов; Әже - Зәуре Үмбетқұлова.
Қазақ фольклорының белгілі мотивтеріне құрылған балет-ертегі. Ханның екі әйелі бар, үлкені баласыз, кішісі сүйіктісі. Кіші әйелі ұл туғанда, үлкен әйелі сиқырмен анасы мен баласын құртуға бел буады. Бірақ олар бөтен елге қашып кетеді. Арыстан бозбала болып, махаббатын тауып, әкесімен қауышып, барлығын зұлым әйелдің сиқырынан босатады. Мұның соңы үлкен тойға дайындықпен аяқталады. Балеттің барысында ең танымал ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: бесікке салу, ат қою, бата беру көркем бейнеленген.