МӘҢГҮРТ

26.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Нурилла Зәкиров (Өзбекстан), «Мәңгүрт» балетінің бөлігі. Либретто - Болат Аюханов, Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы бойынша. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.

Премьерасы1989 жылы өтті. Болат Аюхановтың басқаруындағы ҚазССР Мемлекеттік классикалық би ансамблі үшін жасалды.

Алғашқы орындаушылар: Мәңгүрт - Ринат Мусин; Жуань-Жуани - Асқар Ниязбеков; Найман-ене, Жоламанның анасы - Сайрагүл Нұрсұлтанова.

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. 2018 жылғы 29 наурызда Н.Сац атындағы Жасөспірімдер театрының сахнасында «Ананың көз жасы» атты жаңа редакциясында қойылды.

Балет тарихи сюжетке құрылған және лирикалық трагедия жанрында дамиды. Спектакль найман руының бозбаласы- Жоламанның кәмелеттік жасқа толу тойынан, Жуань-жуанидің шабуылы, Дөненбайдың айуандықпен өлтірілуі, оның баласы Жоламанның тұтқынға алынуынан басталады. Жүрегі ауырған ана не істерін білмей, ұлын іздеп шығады... Әрі қарай іс-әрекет жуань-жуани тайпасында өрбиді. Көңіл көтерген жабайылар тұтқындардың басына шикі түйе терісін («шири») кигізеді, ол бас терісіне жабысып кепкенде адамды ақылсыз мәңгүртке айналдырады.

Найман-ана ұлын іздеп жүріп, шопандармен кездесіп, олардың арасынан Жоламанын тауып алады. Бірақ ол түнгі уақытта оны аптап ыстықтан құтқаратын айдан басқа ешкімді танымайды.

Ана ұлымен бірге болудан үмітін үзбейді. Мәңгүрттің қожайыны Найман-ананың ұлын іздегенін біледі де, оған анасын өлтіру үшін қолына садақ пен жебе береді. Мәңгүрт сыйлыққа қуанып, Найман-ананы өлтіреді. Мәңгүрттің жебесі Найман-ананың жүрегін жарып жіберді. Жердің өзі бұл қасіретке қарсы көтеріледі: адамдардың мұндай қатыгездігіне төтеп бере алмай, барлық кінәлілерді жер бетінен өшіреді.