МАХАББАТ-СИҚЫРШЫ
Өмірбаяны
3 көріністегі бір актілі балет.
Композитор - Мануэль де Фаль. Либретто - Грегорио Мартинес Сьерра, Андалузия сығандарының аңыздары мен ертегілеріне негізделген. Хореография және қойылымы - Ләйлә Мәмбетова. Қоюшы-суретші - Владимир Кривенцов.
Премьерасы 1992 жылғы 29, 30 желтоқсанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Кармело - Мұрат Тукеев; Канделас - Гүлжан Туткибаева; Люция - балет солисі; Елес - балет солисі; Сығандар - кордебалеттің әйелдер құрамы; Кармелоның достары - кордебалеттің ерлер құрамы.
Жас сыған Канделасты қайтыс болған сүйіктісінің Елесі тастар емес. Бірақ Кармеломен кездескен сыған оның ізінен қалмай жүрген Елестен бас тартады. Канделас сиқыршы Люциядан оны Елестен құтқаруды сұрайды. Шарасыздықтан оның сиқырлығына бағынуға келіседі. «От биі» басталады. Онда Люцияның Канделасты Елестен арылту әрекеті сәтсіз болады. Содан кейін Люция Елесті азғырып, Канделасты құтқарады. Махаббат жеңеді! Канделас барлығын үйлену тойына шақырады. Сиқырлы махаббат жастардың ғашық жүректерін қосады.
Библиография
- Программка спектакля «Любовь-волшебница» 1992 года.
- Переписка с балетмейстером Мамбетовой Л.А. 2023 год. Январь.
Сілтемелер
- Михеева Л. Фалья. Балет «Любовь-волшебница». – Сайт Belcanto – Адрес URL: https://www.belcanto.ru/ballet_amor.html (дата обращения 14.01.2023).