МАРКЕЛОВ Николай Игоревич

20.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(01.04.1978 ж., Чита қ., РФ) – хореограф, Удмурт Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2009).

1998 – Саратов хореографиялық училищесін «Балет әртісі» мамандығы бойынша тамамдаған.

2006 – А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясын (АРБ) «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша Ресей халық әртісі, профессор Ю.Н.Петуховтың шеберханасында бітірді. 2022 – Ресей мемлекеттік сахна өнері институтын «Музыкалық театр режиссері» мамандығы бойынша аяқтаған.

1996-1998 – Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов академиялық театрының балет әртісі.

1998-2004 – «В. Михайловскийдің Санкт-Петербург ерлер балетінің» солисі.

2003-2004 – «Л. Якобсон Хореографиялық миниатюралар» Санкт- Петербург театрының солисі.

2005 – Удмурт Республикасының опера және балет театрында қоюшы-балетмейстер, кейінірек бас балетмейстер. Спектакльдері: «Жел ұшқандар» («Унесенные ветром», 2005), «Мені Бродвейден қызғанба» («Не ревнуй меня к Бродвею», 2006), «Ромео мен Джульетта-ХХ ғасыр» (2006), «Маугли» (2007), «Испан кеші» («Испанский вечер», 2008), «Ұйқыдағы ару» («Спящая красавица», 2008), «Дон Кихот» (2011), «VIVAT, Дягилев» (2011), «Casta diva» (2012), «Щелкунчик» (2013), «Аққу көлі» («Лебединое озеро», 2015), «Чиполлино» (2015), «Турандот» (2016), «Баядерка» (2017), «Буратино» (2017), «Көрінбейтін қала Китеж бен Феврония бикеш туралы ертегі» («Сказание о невидимом граде Китеже и деве Февронии», 2018), «Юнона» және «Авось» (2018).

Ресейде және одан тыс жерлерде бірнеше рет балет фестивальдеріне қатысып, халықаралық жобаларды жасады: Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі В.Ганибалова және өнертану докторы П.Гросман (Германия) «Берлин – Санкт-Петербург» мәдени жобасы аясында «Ақ түндер» (2005) қойылымын іске асырды. Саратов, Пермь хореографиялық училищелерінің, А.Я.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының оқушыларына арналған хореографиялық миниатюралар мен бағдарламалардың авторы. 2010 жылы шақырылған балетмейстер ретінде Franceconcert (Франция) Л.Минкустың «Дон Кихот» балетін қойды.

2015 жылы «Астана Балет» театры үшін М.Равельдің музыкасына арналған бір актілі «Клеопатра» балетін жасады.

Марапаттары: «Театр көктемі» УР кәсіби театрларының IX фестивалінің дипломанты (2006); Удмуртияның «Театр көктемі» кәсіби театрларының XII фестивалінің дипломанты (2012); «Жыл адамы-2006» («Жыл адамдары-2006» жобасы шеңберінде); «Алтын витязь» XII Халықаралық славян өнер форумының алтын дипломы (2022).

Медиа галерея

МАРКЕЛОВ Николай Игоревич

МАРКЕЛОВ Николай Игоревич

МАРКЕЛОВ Николай Игоревич

МАРКЕЛОВ Николай Игоревич