"ӨРЛЕУ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
Өмірбаяны
«Өрлеу» хореографиялық оқу орындары арасындағы Халықаралық фестиваль алғаш рет 2011 жылы А.В. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесінде өткен болатын. Фестиваль форматында әр түрлі ұлттық мектептердің қатысушыларының өнер көрсетуі, шеберлік сыныптар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттер, практикалық көрсетілімдер бар. Фестивальдің бас серіктесі және демеушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры.
Фестивальдің мақсаты - ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және дәріптеу, педагог-хореографтар мен балетмейстерлердің кәсіби қоғамдастығын нығайту, хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктермен және жұмыс тәжірибесімен халықаралық алмасу, студенттердің кәсіби дайындығын арттыру, ең дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуі және Қазақстанның хореографиялық өнерін насихаттау.
Осы жылдар ішінде фестивальдің спикерлері ретінде шет елдердің белгілі еңбек сіңірген қайраткерлері, әртістері, оқытушылары болды: Тони Канделоро (Италия), Габор Кевехадзи (Венгрия), Игорь Колб (Ресей), Марина Васильева (Ресей), Юрий Васюченко (Украина), Гүли Хамраева (Өзбекстан) , Мюриде Сун Аксан (Түркия) және т.б.
Фестиваль екі жылда бір рет өткізіледі, 5 фестиваль өтті: 2011, 2013, 2015, 2017, 2019. «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалі Зауырбек Райбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналды.
Библиография
- Алматинское хореографическое училище имени А.Селезнева. Книга-Альбом / Главный редактор Д.К.Досбатыров. - Алматы, 2019 - 240с.
- Қазақстан хореографиясының алтын бесігі: Училище тарихы/Бас редактор Қалиева А.Ж. - Алматы: “Литера”, 2016ж.-618б.; ил. қазақша, орысша