ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІНІҢ КОНКУРСЫ. АСТАНА
Өмірбаяны
Фестивальді балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры құрған. Ол алғаш рет 2006 жылы желтоқсанда (Астана қ.) өтті.
Мақсаты мен міндеттері: хореографиялық өнерді танымал ету, классикалық балет дәстүрлерін сақтау және дамыту, дарынды жас әртістерді анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін көтеру. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 17 мен 26 жас аралығындағы балет әртістері мен арнайы оқу орындарының студенттері қатысуда. Қазылар алқасының құрамына отандық және шетелдік көрнекті мәдениет қайраткерлері, әлемдік балет жұлдыздары мен көрнекті хореографтар кіреді.
Конкурс тарихы мен жеңімпаздары:
I Халықаралық балет әртістерінің байқауы - Астана, 2006. Гран-при: Айдос Зақан (Қазақстан).
II Халықаралық балет әртістерінің байқауы - Астана, 2009. Гран-при: Мадина Басбаева (Қазақстан).
III Халықаралық балет әртістерінің байқауы - Астана, 2016. Гран-при: Бақтияр Адамжан (Қазақстан).