МУСИН Ринат Ильтаевич

30.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

МУСИН Ринат Ильтаевич (25.11.1961 ж., Қарағанды қ.) - балет әртісі, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2001 ж.).

1975-1980 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде «Халық би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша педагогтар: Л. М.Таганов, И. К. Олзоевадан білім алған;

1985-1990 - А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының педагогика факультетінде «Хореография өнері» мамандығы бойынша педагогтары: Г. Н. Прибылов, Т. С. Ткаченко, А. А. Богатыревтердеоқыған. Мәскеу мемлекеттік хореография академиясын бітірді;

2014 - А.Я.Ваганова атндағы Орыс балет академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті (Санкт-Петербург, 2015).

1980-2012-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театры балетінің жетекші солисі. Б.Ғ.Аюхановтың қойылымдарында жеке партияларды орындады: Төлеген («Қыз Жібек», Е. Брусиловский), Хосе («Кармен-сюита», Ж. Бизе - Р. Щедрин), Соло («Болеро», М. Равель), Клавдий («Гамлет», А. Исакова), Онегин («Татьяна Ларина», П. Чайковский-М. Плетнев), Онегин («Евгений Онегин», П. Чайковский), Мәңгүрт («Манкурт», Н. Закиров), Бахус («Вальпургия түні», музыкасы Ш.Гуно, Ю.Ковалевтің хореографиясы, жаңарту - Б.Аюханов), Ротбарт («Аққу көлі» П.Чайковский), Бұзақы «Жас ханым мен бұзақы», («Барышня и Хулиган», Д.Шостакович), Хосе («Кіріспе және Рондо-капричиозо», К. Сен-Санс), Жауынгер (соло) («Шыңғыс Хан», М.Иржанова), Қозы Көрпеш («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», Е.Брусиловский), Свидригайлов («Қылмыс пен жаза», («Преступление и наказание», Д.Шостакович), Хосе, Тореодор («Севильядағы мереке», «Праздник в Севилье», Ж.Бизе), Фархад «Жеті сұлу» («Семь красавиц», К.Қараев), Бозбала («Солнечный Казахстан биі», музыкасы Е.Брусиловский), Роза «Раушан туралы поэма», («Поэма о розах», (Адажиетто) Г. Малера (5-ші симфония) және т. б.

1990-2001 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық балет театрының педагог-репетиторы;

2001-2005 - Измир қаласындағы (Түркия) опера және балет театрының жетекші педагог-балетмейстері, педагог-репетиторы;

2005-2012 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық балет театрының педагог-репетиторы;

2012-2016 - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің деканы;

2016 жылдан - Қазақ ұлттық хореография академиясы «Хореография режиссурасы», «Балетмейстер өнері» кафедрасының доценті.

2014 жылы - Ла Скала театрындағы хореография академиясында (Милан қ.) классикалық би бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Марапаттары: «Көрермен көзайымы сыйлығы» номинациясы бойынша» Майя-1996 халықаралық байқауының лауреаты (Санкт-Петербург қ., 1996 ж.).

Библиография

  • Б.Аюханов. «Мой балет» - Алма-Ата: Өнер, 1988
  • Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник (1934-2012 гг.) под общ. ред. Д.Т.Накипова. – Алматы, 2012
  • Интервью июнь 2021

Медиа галерея

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич

МУСИН Ринат Ильтаевич