МУСИНА Флюра Борисовна
Өмірбаяны
(1958, Алматы қ.) - балет сыншысы, «Құрмет» орденінің иегері (2019).
1978-1982 - С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
1986-1997 - В. А. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты (ГИТИС) театртану факультетін Н. И. Эльяштың шеберханасында бітірді.
1982-1986 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында сахналау бөлімі меңгерушісінің көмекшісі.
2003 - «Қазақстан», «Хабар», «Мәдениет», «Білім және Мәдениет» ұлттық телеарналарындағы бірқатар деректі фильмдер мен бағдарламалардың авторы: «Арт-оқиғалар», «Түн ортасынан кейін» («После полуночи») тікелей эфирі, «Сурет Ғұмыр», «Қозғалыс сиқыры» («Магия движения»), «Арт-сфера» Қазақстан суретшілерінің антологиясы, «Шығармашылық диагональдары», «ТД концерт залы », «Опералық аңыздар мен мифтер», «Ашылған партитура» («Раскрытая партитура»), «Кездейсоқ емес кездесулер» («Неслучайные встречи»), «Ақсарай», «Концерт залы», «Дала әуені» классикалық музыка концерттерінің телеверсиясы. Ұлттық телеарналарда мыңнан астам бағдарламаның авторы және жүргізушісі, деректі фильмдердің авторы және режиссері. Қазіргі уақытта: «Премьералар», «ПроТанец» («AbaiTV» телеарнасы) атты бағдарламалардың авторы және жүргізушісі.
2002 жылдан бастап «Заманауи хореография орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшы (Г.Адамовамен бірге) және директоры.
2006-2011 - Орталық Азия заманауи би фестивалінің директоры. Оның аясында 7 халықаралық фестиваль өткізілді.
Әр кезеңде Т.Қ. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы хореография факультетінде заманауи би тарихы бойынша курстар өткізді (1995-1997, 2015-2019), Қазақ ұлттық хореография академиясы (2019-2022), қазіргі заманғы би тарихы бойынша семинарлар (ҚР Мәдени саясат Институты, 2000-2001), А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде «Балет сынының практикалық курсы» (2017-2019).
2017 жылдан бастап - Eurasian Dance Festival (Қазақстан, Астана) ресми сарапшысы. Балет сыншысы ретінде халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысты: New Baltiс Dance Festival (би фестивалі, Вильнюс, Литва, 2001, 2002, 2004, 2007, 2011), «Open Look» Заманауи би фестивалі (Санкт-Петербург, РФ, 2002), «Восток-Восток» фестивалі (Санс, Франция, 2004), III- ХБА (Астана, 2016).
Республикалық мерзімді басылымдарда Қазақстанның хореографиялық өнері туралы 100-ден астам мақаланың авторы: «Казахстанская правда», «Новое поколение», «Номад-Казахстан», «Байтерек», «Поиск», «AltynArt» және т. б. «Қазақстанның хореографиялық өнері» кітабындағы «Қазақстандағы заманауи би» бөлімінің авторы (2005); «Кеңестік елдер кеңістігінің заманауи биі» кітабындағы Қазақстанның заманауи хореографтары туралы тараулар (2013); Р. Баповқа (2017), Э. Малбековке (2021) арналған басылымдардың тең авторы; «ASTANA BALLET» мерейтойлық кітап-альбомының (2019) бірлескен авторы; «Алтынай Асылмұратова - Ballerina Assoluta» кітабының авторы (2021).
Марапаттары: «Халық алғысы» медалі (2020), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2018), «Алтын Томирис» журналистік сыйлығы (2021), Ресейдің «ТЭФИ-Достастық» сыйлығы (2012), «Үздік балет сыншысы» (Eurasian Dance Festival, 2019). Әр уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (2019, 2021) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының (2003-2004, 2007-2008), «Хабар» Агенттігі АҚ (2015) Құрмет грамоталарымен марапатталған.