НӨГЕРБЕК Сәкен Бауыржанұлы

20.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(02.09.1975, Жезқазған қ.) – әдеби редактор, кинодраматург.

1992-1996 – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің көркем аударма бөлімінің студенті.

1994-1998 – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазаз кино және театрлық өнер институты «Кинодраматурия» факультетінің студенті. Оқу барысында Қ.Омаровтың «Жамбыл» деректі фильмінің сценарийін бірлесіп жазды.

1996 – «Алатау» ұлттық арнасының редакторы. «Керуен-сарай» білім беру бағдарламасының редакторы болды.

1998-2008 – қалалық және республикалық телеарналардағы «Жаңалықтар» қызметінің тілшісі. 2009 жылдан бастап ЭРА телеарнасының дубляж бөлімінің аудармашысы және редакторы (7 арна), «Жәдігер», «Асыл сөз», «Өмір жолы» тәуелсіз студияларының танымдық және ақпараттық бағдарламаларының авторы.

2011 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану кафедрасында сабақ береді.

2015 жылдан – «Астана Балет» театрының әдеби редакторы.

2021 – Г.Ковтун хореографиясында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» («Махаббат туралы аңыз») балет спектаклінің либреттосының бірлескен авторы.

Медиа галерея

НӨГЕРБЕК Сәкен Бауыржанұлы

НӨГЕРБЕК Сәкен Бауыржанұлы

НӨГЕРБЕК Сәкен Бауыржанұлы

НӨГЕРБЕК Сәкен Бауыржанұлы