НАҚЫПОВ Дүйсенбек Тыныштықбайұлы
Өмірбаяны
05.06.1946 ж., Жолқұдық ауылы, Хрущев ауданы (Баянауыл ауданы), Павлодар облысы – 27.05.2021 ж., Алматы.
Балет әртісі, либреттист, ақын, жазушы, қоғам қайраткері.
Қазақстан хореографтар одағының төрағасы, «Дәстүрлер сыйлығы» халықаралық фестивалінің президенті. «Тарлан» сыйлығын ұсыну идеясының авторы.
1958 - 1964 – КСРО Үлкен театр жанындағы Мәскеу академиялық хореография училищесінің оқушысы, педагогтары: Е.П. Валукин, Л. Т. Жданов.
1980 - 1985 – С. М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.
1964-1967 – Абай ат. Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі.
1967-1968 – А. Малдыбаев ат. Қырғыз мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі.
1968-1970 – П. И. Чайковский ат. Пермь мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі.
1970-1972 – Самарқанд мемлекеттік опера және балет театрының бірінші санатты балет солисі, педагог-репетиторы.
1972 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қысқа уақыт ішінде өзінің жеке ісінде көрсетілген жұмысының ресми кезеңдері арасында Новосибирск академиялық опера және балет театры мен Л. Якобсон ат. балет театрында (Ленинград) билеген.
1972-1986 – Абай ат. Мемлекеттік опера және балет театрының балет әртісі, солист, жетекші солисі. Репертуары: Щелкунчик («Щелкунчик»), Шурале («Шурале»), Меркуцио («Ромео мен Джульетта»), Маугли (бірінші орындалуы, «Бауырым, Маугли»), Сайқымазақ («Аққу көлі»), Косог (бірінші орындалуы, «Фрескалар»), Хан-Зада (бірінші орындалуы, «Ақсақ-құлан»), Пульчинелла («Пульчинелла»), Көк құс («Ұйқыдағы ару»), Джокер (бірінші орындалуы, «Карта ойыны»), Алтын Құдай («Баядерка»), Үлкен ұл («Ескі сурет»), Пан (хореографиялық көрініс «Вальпургия түні», Ш. Гуноның «Фауст» операсынан), Шабандоз (А. Бородиннің «Князь Игорь» операсынан «Қыпшақ билері» хореографиялық сахнасы) және т. б. Концерттік нөмірлердің қатарында Ұ.Мирсеидов, Қ. Мажикеев, Д. Накиповтың орындауындағы Құрманғазы музыкасына қойылған «Сары-Арқа» триосы бар.
1976-1985 – Алматы хореографиялық училищесінде классикалық би педагогы. Оқушылары: Е. Асылғазинов, М.Түкеев және басқа да талантты бишілер бар.
А. Серкебаевтың «Бауырым, Маугли» (1982 ж.); С. Еркімбековтың «Мәңгілік алау» (1985 ж.); Ф. Гласс, В. Моцарт, А. Шнитке, М. Брух, Д. Шостакович, Б. Куле, Сент-Пре композиторларының «РЕ уақыты» (балетте Д. Накипов поэзиясы оқылды (2004 ж.); Қ. Шилдебаевтың «Адам» (2007 ж.) балеттеріне арналған либретто авторы. Балалар балеттерінің либреттосының авторы: Б. Далденбаевтың «Ер -Төстік» (2011 ж.), «Жаңғыру», (2011 ж.), Н. Нұридиннің «Ерлік бақа» (2012 ж.).
Ақын, романист: «Ғасыр кеші» (1996), «Моллюсканың әні» (2000), «Егіздер» (2001), «Әйел және қызыл күрең түс» («Женщина и пурпур», 2004); романдары: «Күл шеңбері» (2006), «Жел көлеңкесі» (2009), «Күн батардағы Сирень» (2011) өлең жинақтары; «Үш патшалықтың ханзадасы» корей фольклорлық аңыздары желісіне негізделген пьесаның авторы (2012); Оның редакциясымен «Биге тәнті болған дала...» («Степь, очарованная танцем... 2011 ж.) атты очерктер кітабы және «Қазақстан хореографтары» (2012 ж.) иллюстрацияланған ақпараттық анықтамалығы жарық көрді.
1999-2021 - Қазақстан хореографтар одағының төрағасы.
Дарындылықтың бірегейлігі мен жан-жақтылығының, өнерге деген адалдығының арқасында Д.Т. Накипов Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің тарихына енген жобаларды жасады. Қазақстанның бұқаралық ақпатар құралдарында балет өнерінің проблемаларын үнемі көтеріп отырды. Ауқымды шығармашылық жобалары: «Дәстүр сыйлығы» («Приз традиции») Халықаралық фестивалі (кейінірек, бірінші фестивальдің құрметті қонағы Г.С. Уланова қайтыс болғаннан кейін жоба «Уланова сыйлығы» Халықаралық фестивалі болып өзгертілді). Д.Т.Накиповтың бастамасымен «Қазақстан меценаттар клубы» жыл сайынғы «Тәуелсіз Тарлан» сыйлығын (2000 ж.) ұйымдастырды. Бұл сыйлық Қазақстанда 2000 жылдан 2008 жылға дейін жеті бағыт бойынша: әдебиет, музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематография, ғылым, ағартушылық бойынша табысталды.
Библиография
- Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан Нәкiпов Дүйсенбек Тыныштықбайұлының жеке iсi.
- Мусинова А.А. Накипов Дюсенбек Тыныштыкпаевич – Хореографы Казахстана – Иллюстрированный информационный справочник. – Алматы: типография SK-Print/ – 2012 – Стр.82.
Сілтемелер
- Дюсенбек Накипов. Кино-Театр.Ру. 30 мая 2021г. АдресURL: Дюсенбек Накипов - актёр, театральный деятель - биография - театральные деятели - Кино-Театр.Ру (kino-teatr.ru) (Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- Зайтуна Джандосова. «Художнику свыше дано право говорить за других» Аргументы и Факты. Казахстан. 16 июня 2021г. АдресURL: https://kzaif.kz/society/hudozhniku_svyshe_dano_pravo_govorit_za_drugih (Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- Мустафина Сара. «В Алматы прошла премьера первого казахского детского балета «Ер-Тостик». KazInform. 8 марта 2011г. АдресURL:https://www.inform.kz/ru/v-almaty-proshla-prem-era-pervogo-kazahskogo-detskogo-baleta-er-tostik_a2358375(Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- «Творчество Дюсенбека Накипова в контексте современной литературы Казахстана» Караван Медиа портал. 7 июня 2011г. Адрес URL: Творчество Дюсенбека Накипова в контексте современной литературы Казахстана - Культура | Караван (caravan.kz) (Дата обращения: 25октября 2021 года)
- Накипов Дюсенбек Тыныштыкпаевич. Pavlodarlibrary.kz. АдресURL: http://esim.pavlodarlibrary.kz/index.php/ru/teatralnoe-iskusstvo/125-nakipov-dyusenbek-tynyshtykpaevich-1946 (Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- Ляйля Буланбаева «Мир глазами Дюсенбека Накипова» Мысль. 27 июня 2016г. АдресURL: https://mysl.kazgazeta.kz/news/7466 (Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- «Скончался известный поэт, хореограф и драматург Дюсенбек Накипов». Сайт телеканала «КТК». 27 мая 2021г. Адрес URL: Скончался известный поэт, хореограф и драматург Дюсенбек Накипов | КТК (ktk.kz) ((Дата обращения: 25 октября 2021 года)
- Дюйсенбек Накипов - Легенды и мифы Оперного. Телеканал Білім және Мәдениет. Хронометраж: 27.56. 28 мая 2014 г.
- А. Нужный «Дюсенбек Накипов (Алматы 2012)». YouTube Artparavoz.tv Хронометраж 9.39. 20 февраля 2016 г.
- «Маленький волшебник - Ерлик Бака» в Астане. 2 декабря 2012 г.