НОВИКОВ Сергей Сергеевич
Өмірбаяны
(09.07.1987, Ленинград қ.) – қоюшы-суретші. «Суретшінің Үздік жұмысы» номинациясы бойынша Санкт-Петербургтің «Алтын Софит» Жоғары театр сыйлығының лауреаты, Омбы облысы губернаторының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, «Суретшінің үздік жұмысы» номинациясы бойынша «Алтын витязь» XII Халықаралық славян музыкалық форумының лауреаты (Н.А.Римский-Корсаковтың «Сказание о невидимом граде Китеже и деве Февронии» операсы), «Алтын Витязь» VIII Халықаралық театр форумының және «Театр Олимп» фестивалінің лауреаты («Шинель» балеті), «Прага квадриеннале» (PQ) беделді халықаралық Сценография және Театр архитектурасы көрмесінің қатысушысы (С.Прокофьевтің «Үш апельсинге деген сүйіспеншілік» операсы 2011).
А.Л.Штиглиц атындағы Санкт-Петербург көркемөнер-өнеркәсіп академиясының көркемдік-эстетикалық лицейін бітірген. И.Е.Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясын, Э.С.Кочергиннің театр-көркемсурет шеберханасы, сондай-ақ В.А.Окуневтің шеберханасы бойынша «Музыкалық театрдың қоюшы-суретшісі» мамандықтарын кешкі сыныптарда оқыды.
2010 жылдан бастап – Омбы мемлекеттік музыкалық театрының бас суретшісі, онда 20-дан астам қойылымдар, соның ішінде Ж.Бизенің «Кармен», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» опералары; Ф.Легардың «Көңілді жесір» («Веселая вдова») опереттасы; П.Чайковскийдің «Анна Каренина» балеттері бар.
Сценограф және костюм суретшісі ретінде ол Ресей, Еуропа және АҚШ театрларында 100-ден астам қойылымдар жасады. Digital Opera Халықаралық фестивалінің арт-директоры (1992 жылдан бастап).
2015 жылдан бастап «Астана Балет» театрымен ынтымақтастықта М.Равельдің «Клеопатра» балетінің сценографы, Н.Маркеловтың хореографиясы (премьерасы 2015 жылғы 24 маусымда өтті); С. Прокофьевтің «Золушка» балеті, Н.Калининаның хореографиясы мен либреттосы (премьерасы 2019 жылғы 20 желтоқсанда өтті) жасалды.