НҰРҒАЛИЕВА Дина Бақыткереевна
Өмірбаяны
(20.07.1962 ж., Алматы қ.) - биші. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1990 ж.).
1975-1980 жж - Алматы хореографиялық училищесінде оқыған , педагогтары: Н.Я.Ахунов, Ғ.Н.Бейсенова, Т.З.Малбекова, С.И.Көшербаева, М.З.Ахмедиева;
1986 ж. - Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген.
1980-1997жж. - ҚазКСР еңбек сіңірген ән-би ансамблінің солисі,
1989 ж. - «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі
2004 жылдан бастап Еуразиялық мәдениет қорының шығармашылық бағдарламаларының директоры.
Әр түрлі характердегі жан-жақты биші. Ол табиғи икемділікпен, қолдың жұмсақтығы мен экспрессивтілігімен, орындау техникасымен, темпераментімен ерекшеленді. Жеке репертуары: «Сирия биі» (хореограф КСОР-ның Халық әртісі Г.Б.Измайлова), «Сыған биі» (хореограф В.Мунтян), «Татар биі», Ауған биі «Нашканад», «Бұхара биі», «Шолпы», «Айжанқыз», «Шашу», «Земля целинная» және т.б. «Сирия биі», «Шолпы» (хореограф ҚазКСР-ның Халық әртісі З.М.Райбаев), билерінің алғашқы орындаушысы.
Қазақ биін орындау өнерінің дамуына зор үлес қосты.
Қазақстан өнер шеберлерінің делегациясы құрамында Франция, Испания, Ирак, Югославия, ГДР, ГФР, Корея, Түркия, Чехословакия, Австрия, Венгрия және т. б. елдерде өнер көрсетті. Сондай-ақ, КСРО және Қазақстан Республикаларының сахналарында мемлекеттік ән-би ансамблінің гастрольдік сапарларында өнер көрсетті.
Марапаттары: Алматы қалалық комитетінің Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1989 ж.).