Энциклопедия туралы
«Қазақстанның хореографиялық өнері» энциклопедиясы 3 тілде Қазақстанның ұлттық хореографиялық өнерінің пайда болуынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі даму процесін көрсететін кең анықтамалық басылым болып табылады.
Энциклопедияда отандық театрлар мен шығармашылық ұжымдардың сахнасында балет спектакльдерін жасауға қатысқан балет солистері мен халық биін орындаушылардың, балетмейстерлердің, композиторлардың, либреттистер мен сценографтардың жеке деректері ұсынылған; ұлттық спектакльдердің қойылу тарихы жүйеленген; танымал кәсіби би ұжымдарының туу тарихы және шығармашылық қызметі көрсетілген; Қазақстандағы хореографиялық өнер саласындағы фестивальдер мен конкурстардың қозғалыстарының тарихы берілген.
Энциклопедия көпшілік оқырмандарға арналған: балеттанушылар, өнертанушылар, театртанушылар, музыкатанушылар, мәдениеттанушылар, мәдениет және өнер қызметкерлері. Хореографиялық училищелердің, театр жоғары оқу орындарының, колледждер мен мәдениет институттарының студенттеріне оқу құралы бола алады, балет өнеріне қызығушлық танытқан оқырманға.