ОЛЗОЕВА (Кавкулова) Ишпуля Кавкуловна
Өмірбаяны
(15.09.1929 г., г. Алма-Ата) - педагог. «Құрмет» орденінің иегері (2021).
1937-1948 - Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесінің оқушысы, «Балет әртісі» біліктілігін алды, педагогтар: А. В. Селезнев, Д. Н. Гацина, В. Н. Николаев, М. Н. Шатловский.
1948-1951 - Н. А. Римский-Корсаков ат. Ленинград мемлекеттік Ленин орденді консерваториясының студенті. «Классикалық, халықтық-сахналық және тарихи-тұрмыстық би педагогы, педагогтары: А. Я. Ваганова, В.С. Кастровицкая, А. И. Бочаров, Н. П. Ивановский.
1951 жылдан - ҚМХУ педагогы. 1954-1958 - Солтүстік Кореядан келген оқушыларға сабақ берді, олармен бірге «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің түсіріліміне қатысты (П.И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Қызғылт вальс» репетициясының көрінісі. Абай ат. МАОБТ-ның фойесі) (1957, реж.: Ш. Айманов, А. Карпов).
31.01.1957- 01.10.1958 жж. - ҚМХУ көркемдік жетекшісі.
1959-1961- қалалық пионерлер үйінің (Ұлан-Уде, Бурят АССР) хореография үйірмесінің жетекшісі, «Қызыл телпек» балетінің қойылымын жүзеге асырды, оған тек балалар қатысты. Спектакль опера және балет театрында (1960) көрсетіліп, кең қоғамдық резонанс тудырды. Хореографиялық үйірме негізінде Бурят хореографиялық училищесі ашылды (1961).
Бурят хореографиялық училищесінің алғашқы оқытушысы, оның алғашқы қабылдаған оқушылары, алғашқы түлектері болды (1961-1971). Бес жыл бойы ол көркемдік жетекші қызметін атқарды (өйткені алғашқы кезде көркемдік жетекші лауазымы болған жоқ), оқу-шығармашылық процесті басқарды. 1961-1964 жылдар аралығында ол Мәскеу, Ленинград, Пермь Балет мектептерінің танымал мұғалімдерін балет және хореографиялық нөмірлер қоюға шақырды, олардың арасында: Й. Байер «Қуыршақтар ертегісі» (Ю. И. Громов, Ленинград); П. И. Чайковский «Щелкунчик» (К. А. Есаулова, Пермь); «Аққу көлі» балетінен II акт З. Н. Тыжебров, Ұлан-Уде); А. В. Лядов «Қуыршақтар», Э. Григ «Ақшақар және жеті ергежейлі» (М.М. Мнакацанян, Мәскеу). Кейінірек «Ақшақар және жеті еогежейлі» нөмірін И. К. Олзоева АХУ-не көшіріп, кіші сынып оқушыларының орындауында мектептің репертуарына енгізді.
1971-1985 - АМХУ (АХУ) классикалық және халықтық бөлімшелерінде классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық би оқытушысы. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты.
1992-1997- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің Хореография кафедрасының аға оқытушысы.
2004 жылдан бастап - Мәскеу қаласында тұрады, зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша белсенді қоғамдық қызметпен айналысады, «Диалог» клубында «Бізбен биле» би ұжымының қатысушысы.
Қазақстанның балет мектебінің дамуына үлкен үлес қосты, бірқатар еңбек сіңірген артистерді, мәдениет қайраткерлерін, педагогтар мен ғалымдарды дайындады. Олардың ішінде: Р. Есламгалиева, А. Қаржаубаева (Бурятия), Р. Курпешева, Д. Жангозина, В. Усина, Ш. Қарсақбаева (Болгария), А. Алишева, Л. Ким, Н. Алдибеков, Г. Михалева, И. Сухорукова (Ресей), Н. Кастрома (Ресей), Л. Кожевникова (Ресей), Р. Мусин, Н.Сансызбаев, Б. Сейтқалиев (Украина), Ж. Кенжебаев, Л. Юкумс (Ресей), Б. Абдукаримова (Тілеубаева), Е. Агимбаев, Т. Клышбаев, А. Құлбекова, Г. Сайфуллина бар.
«Живут во мне воспоминания …» кітабының авторы (2019).
Марапаттары: «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» белгісі (ҚазКСР Мин. ЖОО алқасының қаулысы, 1974); Бурят хореографиялық училищесінің 10 жылдығына арналған көп жылғы мінсіз жұмысы үшін Бурят АССР мәдениет Министрлігінің құрмет грамотасы (1971); «Еңбек ардагері» (1985); «Бурятия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2021); Л. П. Сахянова және П. Т. Абашеев ат. Бурят республикалық хореографиялық колледжінің 60 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгі (2022), Мәскеу қалалық әкімдігінің Алғыс хаты (2022).