ОМАРОВ Жандос Ғабдоллаұлы

20.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(01.07.1981, Алматы қ.) – суретші – сценограф.

1993-1999 – «Мүсінші» мамандығы бойынша Республикалық көркем-сурет колледжінің студенті. 1999-2003- Абай атындағы Алматы мемелекеттік университеті (АГУ) «Өнер-графика» факультетінің студенті. «Интерьер және экстерьер дизайны» мамандығы бойынша білім алған;

2003-2006 – «Станоктық кескіндеме» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Сыртқы жарнама саласында жұмыс істеді, эстрадалық концерттерді, қалалық және республикалық іс-шараларды ресімдеуге қатысты.

2010-2013 – қоюшы-суретші, суретші-декоратор, кейінірек Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының компьютерлік графика және анимация студиясының бас суретшісі.

2013-2016 – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының декорацияларын дайындау цехының басшысы.

2016 – «Астана Балет» театрының декорация дайындау цехының басшысы.

«Астана Балет» театрының балет спектакльдерінің қоюшы-суретшісі: А.Асылмұратованың қойылымындағы «Щелкунчик» (2017), А. Садықованың хореографиясындағы «Желтораңғы туралы аңыз» (2020). 2021 жылы В. Медведевтің қойылымында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары орындаған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» («Роман бутона розы и мотылька» М.Петипа хореографиясы) балетінің сценографы.

Медиа галерея

ОМАРОВ Жандос Ғабдоллаұлы

ОМАРОВ Жандос Ғабдоллаұлы

ОМАРОВ Жандос Ғабдоллаұлы

ОМАРОВ Жандос Ғабдоллаұлы