ОРФЕЙ
Өмірбаяны
Бір актілі заманауи спектакль.
Композитор - Игорь Стравинский. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Альбина Додарходжаева.
Премьерасы 2004 жылы Алматыда М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрдың шағын сахнасында өтті. Спектакль «Самұрық» заманауи би театрының труппасына арнап қойылды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Орфей - Ерсайын Мұқаев; Эвридика - Әсел Абақаева; балет артистері.
Сюжет гректің Орфей мен Евридика туралы мифіне негізделген. Әдемі әйелі Эвридикадан айырылған Орфей оның өліміне қатты қайғырады. Оны қайтаруды ұйғарып, Орфей Гадестің жер асты әлеміне түседі. Бір ғана шарт болады: әйеліне қарамау керек еді. Орфей көзіне маска киіп, әйелін өлілер патшалығынан алып шығып келе жатқанда, қайғыға батқан Эвридика кейеуінің неге оған қарамайтындығын, енді мұны сүймейтін шығар деп уайымдайды .... Орфей бұған шыдай алмай, бетпердесін шешіп, оның көзіне қараған уақытта, Евридика көз жұмады. Фуриялар Эвридиканың денесін алып кетеді. Орфей жалғыз оралады.