ҚОЗЫ-КӨРПЕШ - БАЯН-СҰЛУ
Өмірбаяны
3 актілі, пролог пен эпилогы бар 18 көріністі балет.
Композитор - Евгений Брусиловский. Либретто, хореографиясы және қойылымы - Дәурен Әбіров. Қоюшы-суретші - Гүлфайрус Исмаилова. Қоюшы-дирижер - Турғут Османов.
Премьерасы 1971 жылы 5 қазанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Қозы-Көрпеш - Рамазан Бапов, Әнуарбек Жалилов; Баян-Сұлу - Сара Көшербаева, Раушан Байсеитова, Фируза Жолымбетова; Қодар - Болат Валиев.
Жүрегі пәк, көкірегі ояу жігіт Қозы-Көрпеш атастырылған қалыңдығы Баян-Сұлу туралы естіп біледі. Ол өзінің махаббатын іздеп табады. Бірақ бақытына бір табан жақындағанда, Баян-Сұлуға үйленуді армандаған бақталас, қызғаншақ, арам Қодардың қолынан қаза табады. Қайғыға батқан қыз үстем озбырларға, өз әкесі Қарабайдың қулығына шыдай алмады. Баян сүйіктісінің қасында өледі. Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу болашақ ғашықтар үшін шынайы махаббаттың қос шынарына айналады.
Библиография
- Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976 – 176 стр. – С.131-134, 154.
- Либретто оперных и балетных спектаклей композиторов Казахстана. Козы-Корпеш и Баян-Сулу. Балет в 3-х действиях, 18-ти картинах с прологом и эпилогом – Составитель: Генералова И.Ю – Алматы: компания «Австралийские авиалинии» – 1995 – 126 с. – С.105-108.