ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ (Махаббат туралы дастан)
Өмірбаяны
Прологпен екі актілі балет-эпос.
Композитор - Ақтоты Райымқұлова. Либретто - Георгий Ковтун, Сакен Нөгербек, қазақтың XIII- XIV ғасырдағы лирико-эпикалық поэмасы негізінде. Хореография және қойылымы- Георгий Ковтун. Сценографиясы - Андрей Злобин. Костюмдер суретшісі - Анна Ипатиева. Бейне тізбегі - Дмитрий Шамов.
Премьерасы 2021 жылдың 2 шілдесінде өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ақсақал - Серік Аманжол; Қозы-Көрпеш - Сүндет Сұлтанов; Баян-Сұлу - Дарина Қайрашева; Қодар - Ерқанат Ермағамбет; Қасқыр, Қодардың шешесі - Риза Қанатқызы; Қарабай, Баян-Сұлудың әкесі - Бауыржан Мекембаев; Баян-Сұлудың анасы - Әлия Айтбаева; Сарыбай, Қозы-Көрпештің әкесі - Аққали Тұрғали; Қозы-Көрпештің анасы - Әсел Жанғасқаева; Ортеке - Азамат Жанқабаев; Қуыршақшы - Илья Манаенков.
Спектакльдің кейіпкерлері жас жігіт Қозы-Көрпеш пен қыз Баян бақытқа қанша ұмтылса да, сұм тағдыр, жазмыш қыр соңдарынан қалар емес. Олардың тағдырлары бір-бірімен тығыз күрмелген. Күрмеудің шешілуі қайғылы аяқталады. Қозы-Көрпештің әкесі өледі, Баянның әкесі өліммен тең антты бұзады. Ғашықтарға жер бетінде махаббат пен бақытқа кенелу бұйырмаған. Олардың әрқайсысының тағдыры махаббат пен адалдықтың өмірден де биік екеніне айқын дәлел.