ПЛУЖНИКОВА Зоя Кузьминична

01.02.2024  | Автор: Кульбекова А.К.

Өмірбаяны

(1911, Тбилиси - белгісіз) - балет әртісі, педагог, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1943).

Тбилисидегі Грузия Халық Комиссариаты жанындағы балет студиясын бітірген. 1931 жылдан бастап Ташкент, Баку, Киев, Горький, Ленинградта жұмыс істеді.

1937-1945 - Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының прима-балеринасы. Репертуарындағы жеке партиялар: Мария («Бахчисарай бұрқағы») Лауренсия («Лауренсия»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Сванильда («Коппелия»), Қыз-Патша («Конек-Горбунок»), Раймонда («Раймонда»), Жизель («Жизель»). Оның орындаушылығы көркемдігімен, образға терең енуімен, кәсібилігімен ерекшеленді.

1939-1941 - қазақ хореографиялық училищесінде классикалық биден сабақ беріп, сахналық қызметпен ұштастырды.

Медиа галерея

ПЛУЖНИКОВА Зоя Кузьминична

ПЛУЖНИКОВА Зоя Кузьминична