БАСҚА ЖАҒЫНАН
Өмірбаяны
Хореографиялық миниатюра.
Композитор - Дариус Мичалок. Либретто, хореография және қойылымы, костюмдер -Гүлнара Адамова.
Премьерасы 1998 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде болған «Танцевальный улей» Бірінші халықаралық заманауи би фестивалінде өтті. Хореографиялық миниатюра «Самұрық» Заманауи би театры труппасына арналған.
Орындаушылар: Альбина Додарходжаева, Елена Эзау, Наталья Корчагина.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 2008 жылы өтті.
Орындаушылар құрамы 5 адамға дейін ұлғайтылды: Әсел Абақаева, Раушан Ермағанбетова, Саным Жәнібекова, Эльдияр Данияров, Олег Пак.
Хореографиялық миниатюра композитор Дариус Мичалоктың әртүрлі шығармаларынан компиляциялық жолмен құрастырылған төрт музыкалық бөлікке сәйкес іске асырылған.
Он үш минуттық хореографиялық жұмыстың идеясы тірі организмнің жасуша-энергиядан пайда болуын, оның қалыптасуын және өмірдің барлық кезеңдерінің жойылып кетуіне дейін жүруін бейнелеу болып табылады.
Композицияның негізінде ғасырлар бойы көптеген суретшілерді қызықтырған ой жатыр: біз кімбіз? Біз қайдан келдік және қайда барамыз? Өмір дегеніміз не - ұрпақтан-ұрпаққа қайталанатын есею, қартаю және өлім кезеңдері?