ПОЖАРНИКОВ Александр Алексеевич
Өмірбаяны
(28.09.1946, КСРО Самара облысы) - балет әртісі, балетмейстер. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1980 ж.).
Кентау қаласының Мәдениет үйінде халық арасынан шыққан биші. Киев хореографиялық училищесінің түлегі, Михаил Александрович Лейбтен сабақ алды.
Кәсіби қызметі 1970 жылдан басталды.
1970 жылы ҚазКСР ІІМ ән-би ансамбліне қабылданды, онда педагогы Д.Мансурбаев болды. Л.Д.Чернышеваның жетекшілігімен мемлекеттік ән-би ансамблінің дайындық сабақтарына жиі қатысты.
1973-1989 - Орта Азия әскери округі(САВО) ән-би ансамблінің балет әртісі.
1989-1990- Түркістан әскери округі (ТУРКВО) ән-би ансамблінің балет әртісі.
1991-2001- Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің (ҚР ҚМ) Орталық ансамблінің балетмейстері.
Қойылымдары: «Батыр туралы аңыз», «Кадриль», «Лирикалық Ауған биі», «Сарбаз күзетшілері» және т. б.
Марапаттары: «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалі.