РАЙЫМҚҰЛОВА Ақтоты Рахматуллақызы
Өмірбаяны
(02.05.1964, Алматы қ.) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010), «Құрмет» орденінің иегері (2016). КСРО Композиторлар Одағының (1990) және Қазақстан Композиторлар Одағының (1990) мүшесі, Халықаралық заманауи музыка қауымдастығының мүшесі (2013).
1987 - Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетін «Композиция» және «Фортепиано» мамандықтары бойынша бітірген.
1990-1991 - ҚазМемҚызПИ-дің, Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясының педагогы.
1992-1994 - ассистентура-тағылымдамадан Ғ. Жұбанова мен Е. Рахмадиев сыныптарында өтті.
1995-2014 - «Композиция және оркестр дирижерлау» кафедрасының педагогы және меңгерушісі. Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваторияның проректоры (2000-2014).
1991 - «Gaudeamus Music» халықаралық композиторлар байқауына қатысты (Амстердам, Голландия).
1996 - АҚШ-тың Бостон қаласында өткен «ALEA» халықаралық байқауына қатысып, Ксенакис компьютерлік музыка академиясында (Мусси, Франция) тағылымдамадан өтті.
1997 - «Masterprize» тағылымдамасы Лондон, Ұлыбритания.
1999 - Германияның Бохум театр академиясында тағылымдамадан өтті (Schauspielschule Bochum).
2007 - «Менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының MBA дәрежесі.
2010 - Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халықаралық халық шаруашылығы бизнес академиясындағы DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми дәрежесі.
2014-2016 - ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры; 2016 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР МСМ вице-министрі.
2017 - докторлық диссертация қорғап, «Өнертану докторы» (София, Болгария) ғылыми дәрежесін алды.
2019 жылғы маусым - 2022 жылғы қаңтар - ҚР Мәдениет және спорт министрі.
2021-ЖАК профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі.
2022 жылдың сәуір айынан - Р. Бағланова ат. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры.
10 жылдан кейін «Астана Опера» театрының сахнасында «Аспан көші», («Воздушное кочевье») К.Звереваның хореографиясында «Заман тынысы» («Sounds of Time») бір актілі спектакліне (2018) айналған, сахналық бейнесін алған екі актілі балеттің музыкасының авторы. «Астана Балет» театрында Г. Ковтун қойылымындағы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» («Махаббат туралы Поэма») балетінің авторы (2020).
Марапаттары: Бүкілодақтық және халықаралық жас композиторлар байқауларының лауреаты (Мәскеу, 1984, 1987).