БАХТЫ ТАНУ АРҚЫЛЫ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Иоганн-Себастьян Бахтың фортепианоға арналған концертіне сюжетсіз балет, Фортепиано мен оркетсрге арналған №1 концерт (ре минор / d moll) BWV 1052). Либретто, хореография және қойылымы - Дэвид Джонатан (Австралия). Костюм бойынша суретші - Паула Роза Сантана (Бразилия). Сценография - Рене Давид Салазар (Бразилия), Жарық суретшісі - Юлия Каракаева. Фортепиано партиясы - Амир Тебенихин. Қоюшы-дирижер - Ерболат Ахмедьяров.
Премьерасы 2019 жылдың 27-28 сәуірінде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар. Солистердің әйелдер құрамы: Наргиз Мирсеидова, Малика Ельчибаева, Малика Давлетова, Жанель Тукеева, Динара Құдабаева, Баян Бекетаева, Ариса Хасимото, Диляфраз Жақыпова, Риза Таганова.
Солистердің ерлер құрамы: Қасқырбай Есқали, Архат Әшірбек, Арнұр Түсіпбеков, Әзиз Есенбаев, Әсет Мурзакулов, Мұхтар Жұманизов, Рүстем Иманғалиев, Азамат Асқаров, Алмас Қалел, Әлібек Әспетов, Фархад Садуақасов.
«Бахты тану арқылы» балеті классицизмнің абстрактілі деконструкциясы болып табылады, мұнда Бах музыкасы ерекше және күтпеген хореографиялық тілде біріктіруші классикалық элемент болып қала береді. И.-С.Бахтың фортепианолық концертінің үш бөлімі - бұл балеттің үш түрлі күйі: біріншісінде классикалық бастама, екіншісінде сергелдең мен ізденіс сезімі, үшінші бөлімде бидің еркіндігі мен салтанаты.
Библиография
- Журнал режиссерского управления КазНАТОБ имени Абая по составам артистов балета, участвующих в одноактных спектаклях «Шопениана», «Открывая Баха», «Болеро».
Сілтемелер
- Открывая Баха – Репертуар – Балет – Сайт КазНАТОБ имени Абая – Адрес URL: https://www.gatob.kz/repertuar/balet/otkryvaya-baha/#tab1 (дата обращения 13.12.2022)