РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА (МАБТ)

05.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - П.Чайковский. Хореография және қоюшы - Болат Аюханов.

Премьерасы 1978 жылы өтті. Балет Болат Аюхановтың басқаруындағы «Алматының жас балеті» ансамбліне арналды.

Кейіпкерлер мен алғашқы орындаушылар: Джульетта - Шолпан Мұсаханова; Ромео - Ғайни Тұрғымбеков.

Трагедияға алғаш көңіл бөлген балетмейстер тек «Балкон жанындағы суретті» қойды.

ЖАҢАРТУ. Премьерасы 1986 жылы өтті.

Кейіпкерлер мен алғашқы орындаушылар: Джульетта - Нұрсәуле Бегабилова; Ромео - Ринат Мусин.

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. Премьерасы 2010 жылы өтті. Болат Аюханов бір актлі «Ромео мен Джульетта» балетінін қойды.

Орындаушылар: Джульетта - Карина Дүсейбаева, Сымбат. Мақсұт; Ромео - Ерік Утепов, Мади Қасымов; Түн патшайымы - Айнұр Мұқашева; Тибальд - Дияр Акенев; Меркуцио - Нұр Дулатұлы; Парис - Азамат Макеев; Капулетти - Анна Бурлова, Алан Шәкен. Ромео мен Тибальдтің достары, түнгі қонақтар,сарай қызметшілері - балет артистері.

Оқиға ортасында Монтекки мен Капулетти әулеттерінің араздығы тұсында екі ғашықтың махаббаты мен трагедиясы бейнеленген. Меркуцио мен Тибальд Веронаның алаңында қақтығысып қалады. Тибальд Меркуционы жаралайды. Ромео Тибальдпен соғысып, оны өлтіреді. Қашу керек. Ромео Джульеттамен жасырын түрде қоштасады. Джульетта Лоренцо берген сусынды ішеді. Ол өлім сияқты терең ұйқыға кетті. Джульетта әулеті жерленген қабірде жатыр. Ромео зиратқа жүгіреді. Ол қабірге құлап, Джульеттамен қоштасып, уды ішеді. Джульетта оянады. Оның көзқарасы өліп жатқан Ромеоға түседі. Қыз ғашығына қарай құлап, онымен қоштасып, өмірмен қоштасып, өзін қанжармен өлтіреді.