ТАМЫР
Өмірбаяны
Заманауи хореография стиліндегі бір актілі қойылым.
Музыка - Қуат Шілдебаев, сондай-ақ Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның мұрағаттық музыкалық материалдары пайдаланылды. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюм - Гүлмира мен Гүлнара Ғаббасовалар.
Премьерасы 2004 жылғы маусымда Республикалық неміс драма театрының сахнасында «Ресми театр» бейресми театрларының халықаралық жобасы аясында өтті.
Орындаушылар: Гүлмира мен Гүлнар Ғаббасовалар.
Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан халқымыздың дәстүрлері арқылы өз бастауымызды тапқымыз келеді. Зұлым рухты қуып шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, әлди-әй (бесік жыры), аңсау, тазалық (намаз алдында тазалану), Отан- Ана. Қазіргі адамның ұлттық дәстүрлерге, өз этносының рухани мәдениетіне қатынасы бейнеленген.