РУДАКОВА Людмила Георгиевна
Өмірбаяны
27.08.1937 ж., Грозный қ., РСФСР.
Балет әртісі, педагог-репетитор. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1984 ж.).
1947-1956 – М. Ф. Ахундов атындығы Әзірбайжан опера және балет театры жанындағы Баку хореографиялық училищесін Г. Г. Алмасзаде сыныбы бойынша бітірген. 1956 жылы оқу бітіруші түлек ретінде В. Вайноненнің «Щелкунчик» балетінде Маша партиясын биледі.
1956-1962 – М. Ф. Ахундов атындығы Әзірбайжан опера және балет театрының солисі. Ол өзінің дебютін Баку сахнасында сол кезде (1957) қалпына келтірген балетмейстер Р.Захаровтың жетекшілігімен Мария партиясында («Бахчисарай бұрқағы») жасады. Репертуары: pas-de-trois, қалыңдықтар, үлкен Аққулар («Аққу көлі»), Флорина Ханшайымы, Нәзіктік перісі, Сирень перісі («Ұйқыдағы ару», Маша («Щелкунчик»), pas-de-de II акт, қыздар, екі виллис, Мирта («Жизель»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), құрбылар, кастаньеттермен би («Лауренсия», қоюшы балетмейстер В. Чабукиани), ең әдемі гарем қызы («Жеті сұлу», 1959),), Мальвина (бірінші орындалуы, «Алтын кілт», Хореография Г. Алмасзаде), 7-ші Вальс («Шопениана»), Жанна (М. Ф. Ахундов атындығы Әзірбайжан опера және балет театрының сахнасындағы алғашқы қойылым, «Арлекинада»), Сари («Найзағай соқпағы»), Бакханка («Вальпургия түні»).
1962-1965 – А. С. Пушкин атындығы Молдова опера, балет және драма театрының солисі (Кишинев, Молдова КСР). Одетта-Одилия партиясында дебют жасады («Аққу көлі»). Репертуары: Лауренсия (бірінші орындауы, «Лауренсия»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Жизель, Мирта («Жизель» қоюшы-балетмейстер Н.Федорова), Мұз қыз («Сольвейг»), Анель (бірінші орындауы А. С. Пушкин атындығы Молдова опера, балет және драма театрында), Франциска («Көгілдір Дунай»), Аврора (алғашқы қойылым, А. С. Пушкин атындығы Молдова опера, балет және драма театрында), Сирень перісі («Ұйқыдағы ару», қоюшы балетмейстер М. Тлеубаев).
1965-1980 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жетекші балерина, Одетта-Одиллия партиясында дебют жасады («Аққу көлі»). Репертуары: Аврора, Флорина Ханшайымы, Нәзіктік перісі, Сирень перісі («Ұйқыдағы ару»), Маша («Щелкунчик»), Жизель, Мирта («Жизель»), Фанни («Үлкен вальс»), Никия («Баядерка», Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасындағы алғашқы орындалуы), Китри, Дриадалардың иесі («Дон Кихот»), Мария («Бақшасарай бұрқағы»), Айдай (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасындағы алғашқы орындалуы, «Чолпон», қоюшы-балетмейстер У.Сарбагишев), Вакханка («Вальпургия түні»), Бойжеткен («Пахита»), Эгина (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында алғашқы орындалуы, Спартак», қоюшы-балетмейстер Н.М. Янанис), Жалын-құсы (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында алғашқы орындалуы, «Жалын-құс» («Жар-Птица»)). Концерттерде «Дон-Кихот», «Корсар», «Аққу көлі» балеттерінен pas-de-deux, К.Сен-Санстың «Аққу» хореографиялық миниатюрасы үлкен табыспен орындалды.
1969-2018 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде кеңесші, педагог-репетитор.
1980-2010 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында педагог-репетитор. Оқушылары - жетекші балериналар және солистер: М.Қадырова, Л.Ли, А.Бураканова, Г.Алиева, Б.Смағұлов, М.Қаракұлова, Л.Макарцева, С.Мирзабекова, Р.Махумтова, Л.Альпиева, А.Сапугова, Е.Хомкина-Сафронова, Г.Құрбанова, Г.Қапанова, Р.Төлегенова, З.Үмбетқұлова, А. Мусинова т.б.
1988-1990 – Стамбул опера және балет театрының педагог-репетиторы. Рамазан Баповпен бірге театрдың жетекші бишілері: Түркия Республикасының Халық әртісі Мэрич Суменнің, балет премьері Октай Керестеджидің, жетекші балерина Хулия Ақсулар және басқа да балет солистерінің педагог-репетиторы болды .
1994-2012 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы репетиторлық жұмыстармен қатар Стамбул мемлекеттік университеті жанындағы консерваторияның балет бөлімінің жоғары сынып оқушыларына арналған классикалық балеттерден сахналар қойды. «Қаламыш» жеке балет мектебі үшін бір актілі «Шопениана» балетін, «Щелкунчик» балетінен снежинкалар сахнасын қойды.
Марапаттары: «Театр» номинациясы бойынша Қазақстан Меценаттар Клубының «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері. 2007 жылғы 27 қаңтардағы салтанатты рәсімде сыйлықты КСРО Халық әртісі Василий Лановой табыс етті.
Библиография
- Ә.А. Мусинованың 2022-2023 жылдары Людмила Рудаковамен сұхбаты.
- Людмила Рудакованың жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер.
Сілтемелер
- Дамир Уразымбетов «Вспомнили, чтобы не забыть. Балет «Спартак» в «Астана Опера» Qazaq ballet. 23 июня 2018 г. Адрес URL: https://qazaqballet.kz/main_articles/vspomnili-chtoby-ne-zabyt/ (Дата обращения: 26 октября 2021 года).
- Хельча Исмаилова «Прима» газета Время. 4 июня 2015 г. Адрес URL: Прима (time.kz) (Дата обращения: 26 октября 2021 года).
- Молдалим, Тогжан. «Людмила Рудакова: «Я танцевала всегда!»». Qazaq Ballet — интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана, дата публикации 27 августа 2022, www.qazaqballet.kz/main_articles/ljudmila-rudakova.... Дата доступа: 7 декабря 2023.
- Уразымбетов, Дамир. «Рамазан Бапов. 75 лет. Памяти артиста». Qazaq Ballet — интернет-журнал о хореографическом искусстве Казахстана, дата публикации 16 августа 2023, www.qazaqballet.kz/main_articles/ramazan-bapov-75-.... Дата доступа: 7 декабря 2023.
- «Больше, чем любовь. Рамазан Бапов и Людмила Георгиевна» NBmedia. Хронометраж: 25.25. 19 июля 2016 г.