РЫМЖАНОВ Нұрлан Мақатұлы
Өмірбаяны
12.02.1953 ж., Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облысы.
Қоюшы-суретші. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1986 ж.).
1974 – Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
1974-1987 – Абай ат. мемлекеттік опера және балет театрында қоюшы-суретші, суретші-декоратор, бутафор цехының меңгерушісі, мемлекеттік опера және балет театрының қойылым бөлімінің меңгерушісі. Опера және балет қойылымдарының декорациялары мен бутафориясын жасауға және дайындауға қатысып, жаңа қойылымдардың сметалары мен жобаларын дайындады.
1983 – Санъат Кибированың «Үш торай» балетінің дизайнері. Хореографиясы Минтай Тілеубаевтыкы.
1985 – Серік Еркімбековтың «Мәңгілік алау» балетінің қоюшы-суретшісі. ХореографиясыМинтай Тілеубаевтыкы .
1985 – Мәскеуде өткен ХІІ Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстан ЛКЖО ОК-нің (Ленин комсомолы жастар одағы Орталық комитеті) көркемдік-қойылым тобының мүшесі.
1986 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Дрезден опера театрының гастрольдік сапарын жүргізді.
Балетмейстер Минтай Тілеубаевпен шығармашылық достастықта Мәскеу, Ленинград, Минск, Новосибирск, Нижний Новгород, Красноярск, Бішкек, Петрозаводск, Челябинск қалаларында балет спектакльдерін қойды.
1994 – Ресей Федерациясына тұрақты тұруға көшті. Олі Мәскеудің түрлі дизайнерлік және полиграфиялық фирмаларында жұмыс істеп, компьютерлік графикамен айналысты.
2012 – зейнет демалысыныа шықты.
Библиография
- Ә.А. Мусинованың Нұрлан Рымжановтың туыстарымен хат алмасуы.
- Нұрлан Рымжановтың фото-портреті жеке мұрағатынан алынған.
- Владимир Акуленконың «Үш торай» балетінің фотосуреттер Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан алынған.