САИТОВА Гүлнара Юсупқызы
Өмірбаяны
САИТОВА Гүлнара Юсупқызы (10.06.1952, Шелек ауылы, Шелек ауданы, Алматы облысы) - биші, балетмейстер, режиссер-хореограф, педагог, зерттеуші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995), өнертану кандидаты (2005), өнертану профессоры (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БҒСБК 2018).
1963-1966- А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің оқушысы, педагогы К.М.Жақыпова.
1969-1971- Республикалық эстрада-цирк студиясында оқыды (қазіргі Ж.Елебеков ат. колледж) педагогтары: М.П.Габель, Г.Б. Киякова, М.Н. Шатловский, Р.С. Давлетьярова, Қ.Н. Андосов.
1983-1984 - К.Миркаримованың жетекшілігімен Өзбекстанның мемлекеттік еңбек сіңірген «Бахор» ансамблінде тағылымдамадан өтті.
1994-1999 - Т.Қ. Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік кино және театр институтының студенті. Мамандығы «Режиссер-хореограф» , Б.Г. Аюхановтың шеберханасы.
1971-1995 - Республикалық ұйғыр музыкалық-драма театрының балет солисі, «Яшлык» эстрадалық жастар ансамблін құрудың бастауында тұрды (1974).
1984 - «Шарик садаши» жеке концерттік бағдарламасын шығарды.
1988-1991 - Ұйғыр театрының балетмейстері, 1991-2012 - бас балетмейстері, 2013-2016 - театрдың балет труппасының кеңесшісі. Жұмыс барысында «Анархан», «Герип-Санам», «Аманисахан», «Ипархан», «Махамбет», «Қасиетті күнә» («Святой грех»,) «Алтын кілт», «Қалыңдықтардың бүлігі» («Бунт невест»), «Африкалық күйеу», «Аршин мал-алан» Алан», «Майсары», «Бала» («Дитя»), «Қашқар қызы» және т. б. спектакльдерде би және пластикалық сахналар қойды.
Каирдегі (1997), Венгриядағы (1998) Халықаралық театр фестивальдерінде ұсынылған «Табыт» эксперименталды спектакліндегі пластикалық сахналардың режиссер-хореографы. Ұйғыр театрында жұмыс істейтін «Нава» фольклорлық ансамблінің, «Яшлык» және «Сада» эстрадалық-жастар ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік маңызды іс-шараларында би нөмірлерін қойды.
1991 жылы театр жанынан «Рухсара» би ансамблі (халықаралық және республикалық халық би байқауларының лауреаты) құрылды, қоюшы-режиссер және ұжымның 10 театрландырылған концерттік бағдарламасының авторы. М. Әуезов Қазақ академиялық театрында және Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар театрында, «Сыған серенадасы», «Мен келе жатырмын», «Мың бір күн» спектакльдерінде қойылымдар жасады.
1997- А.Навои атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық опера және балет театрында шығыс нөмірлерінің кеңесшісі. «Насреддиннің қызықтары» балетіндегі соңғы нөмірдің қоюшысы (хореограф. Б. Аюханов).
2007- «Гак-ку - аққу үні» балетінде парсы биінің консультанты және қоюшысы (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық балет театры).
Шығыс халықтарының билерін (өзбек, тәжік, араб, әзірбайжан, түрік, сирия және т. б.) Мемлекеттік «Салтанат», «Алтынай» би ансамбльдерінде, «Наз» би театрында, «Гүлдер» эстрадалық-жастар ансамблінде, сондай-ақ «Көкшетау», «16 қыз», «Айша бибі» халық ансамбльдерінде «Арай», «Шолпан», «Аққу» және т.б. билерді қойды. «Арзу», «Шатлық» және «Тоғызбұлақ» халық ансамбльдерін халықаралық фестивальдерге қатысуға дайындады (Зелена-Гура, 1988, Краков, 1989, Польша).
1988-2012 - Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк коледжінің оқытушысы.
1989-1999 -. А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушысы
2002-2016 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.
2016 жылдан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында хореография факультетінің деканы (2016), концертмейстерлік шеберлік және Музыка теориясы кафедрасының меңгерушісі (2017), режиссура кафедрасының профессоры (2018), өнертану және Арт-менеджмент кафедрасының профессоры (2019) қызметін атқарады.
1992 - Қазақстан мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы шығармашылық кадрлармен алмасу бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің тапсырмасы бойынша Үрімші қаласының өнер институтында («Шығыс биі») сабақ берді.
1999-2001 - «Art academy-Bale Kursu» дирекциясының шақыруымен Ыстамбұлда классикалық және Шығыс билерінен сабақ берді.
Бірнеше рет шығыс биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді: Орталық Азия шығыс би федерациясы, «Бозторғай», «Ғұнча» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі, Сеул мәдениет және спорт университеті (Корея, 2016), Рим хореография академиясы (Италия, 2022).
«Ұйғыр сахналық биі (Алматы қ. Ұйғыр театрының спектакльдері мен концерттік бағдарламалары негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, ғылыми жетекшісі Б.Қ.Құндақбаев (2005). 3 монографияның, 2 оқулықтың, электрондық оқулықтың, оқу-әдістемелік құралдың, ғылыми жарияланымдардың авторы. 2014 жылдан бастап «Мәдениет: қазақ және венгр мәдениетіндегі Қоғам, Басшылық және Субъект» халықаралық ғылыми жобасы шеңберінде славян мәдениетаралық ғылыми-зерттеу тобының құрамына кіреді. 17 магистрант және 4 докторант (PhD) дайындады.
Марапаттары: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1985); Ұйғыр Қоғамдық меценаттар клубы тағайындаған «Ильхам» сыйлығының лауреаты (2002); «Үздік оқытушы-2020»; «ТМД үздік педагогы-2022». Медальдері: «Ерен еңбегі үшін» (2022); «Сахават» (2022).
Библиография
- Саитова Г.Ю. Уйгурский танец: Истоки. Традиции. Сценическое воплощение. Монография. 2-е изд. допол. – Алматы: ИД «Мир», 2017 – 264 с.
- Самсаков А. Уйгуры. Энциклопедический справочник. – Алматы: Изд. «Арыс», 2020. – 592 с.
Сілтемелер
- Саитова Гульнара Юсуповна - http://rupkatha.com/V10/n3/v10n305.pdf
- Гульнара Саитова - https://parvaz.kz/index.php/gulnara-saitova
- Саитова Гульнара Юсуповна - https://sibac.info/author/saitova-gulnara-yusupovna
- Библиографическая справка на профессору Гульнару Саитову - https://vk.com/wall-9071366_31743
- Программа «Про танец» на телеканале «Abai
TV» -
https://www.facebook.com/watch/?v=229812795695835