САЛАВАТОВ Ренат Салаватұлы

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(05.11.1949, Шымкент қ.) - дирижер, композитор. Татар АССР-нің Халық артисі (1982), Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2010), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019), «Құрмет» орденінің иегері (2004), Г. Тоқай ат. Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2020), «Достық» орденінің иегері (РФ, 2020), Құрманғазы ат. Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры.

1969 - Мәскеу Орталық музыка мектебін виолончель сыныбы бойынша бітірді.

1974 - Ленинград мемлекеттік консерваториясының симфониялық дирижерлік факультетін және П. И. Чайковский ат. Мәскеу консерваториясының аспирантурасын бітірді.

1974-1975 - Қазақстан радиосы камералық оркестрінің бас дирижері.

1976-1978, 1985-1989 - Абай ат. МАОБТ-да дирижер, бас дирижер.

1979-1985 - ТАССР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері.

1989-1990 - С. М. Киров ат. Ленинград мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері.

1990-1995 - Ұлттық Бавария театры (Мюнхен, Германия) пианист және дирижер.

1996-2001-Швеция Корольдік операсының дирижері (Стокгольм).

Әр кезеңдерде Ағылшын Ұлттық операсында, Нью-Йорк Метрополитен Опера театры, Үлкен театр, Париждегі үлкен Опера және т. б. өнер көрсетті.

2001 - 2009 - Абай ат. МАОБТ бас дирижері.

2003 жылдан бастап әр түрлі кезеңдерде - Мұса Жалил ат. Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері.

К. Байсейітова ат. ҚазҰОБТ- да «Алкисса» балет-ертегісінің (2006) және «Қыс қиялы» балалар балетінің (2008) авторы (В.Гончаровтың хореографиясы). Спектакль жаңа редакцияда Шымкент қаласындағы қалалық опера және балет театрында «Қар ханшайымы» деген атпен қойылып, оркестрлік сүйемелдеудегі алғашқы толыққанды балалар балеті болды.

Медиа галерея

САЛАВАТОВ Ренат Салаватұлы

САЛАВАТОВ Ренат Салаватұлы