САЛИМОВ Радик Фендесович

21.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(06.01.1975, Нижнекамск қ., Ресей Федерациясы) – композитор. Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Бүкілресейлік композиторлар байқауының лауреаты, Ресей Федерациясы және Татарстан Республикасы Композиторлар Одағының мүшесі.

1994 ж. – С.Сайдашев атындағы Нижнекамск музыкалық училищесін баян сыныбы бойынша бітірген. 2000ж. – Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын композиция мамандығы бойынша проф. Р.Калимуллина сыныбында бітірген.

7 кинофильм түсіруге қатысты. «Имматра», «Пианофрения», «Тұңғиыққа қадам» («Шаг в пустоту») бір актілі балеттерінің музыка авторы; Тимур Бекмамбетовтің жас көрермендер театрындағы «Қожа Насреддин», «Водевиль» спектакльдеріне; «Жеті інжу» атты («Семь жемчужин) татардың алғашқы этномюзикліне; Г.Ковтунның «Қасиетті бақтар» («Священные сады») музыкалық спектаклінің авторы.

Р.Сәлімов 2022 жылы «Астана Балет» театрында қойылған «Қар ханшайымы» («Снежная королева») балетінің композиторы (Г.Ковтунның хореографиясы).