СЕМЬЯНОВ Алексей Федорович
Өмірбаяны
СЕМЬЯНОВ Алексей Федорович (28.05.1948, Алматы қ.-23.12.2006, Мәскеу қ.) - балет әртісі, балетмейстер. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1973), Бүкілодақтық жаңа қойылымдар байқауының дипломанты (1967, Мәскеу қ.).
1958-1967 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің оқушысы, Б.Аюхановтың сыныбы.
1980-1985 - А.В.Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институты (ГИТИС) балетмейстер бөлімінің студенті, педагогтары: Т.А.Тарасова, М.Т.Семенова, М.В.Рождественская, Т.И.Ткаченко. Дипломдық жұмысты қорғау екі шығармадан тұрды: «Сиқыршының шәкірті» («Ученик чародея», муз. Ш.Дюк) және «Сұлулықтың бастауы» («Истоки прекрасного» музыкасы С.Прокофьевтің "Алғашқы фортепианоға арналған концерті" ). Өз қойылымдарының либретто авторы. Қойылымды «Жас балет» ансамблінің әртістері үшін жүзеге асырды. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына балетмейстер ретінде шақырылды.
1967-1980 - Б.Аюхановтың жетекшілігімен «Алматының жас балеті» ансамблінің солисі. Орындаған негізгі партиялары: Хосе («Кармен-сюита», музыкасы Ж.Бизе - Р.Щедрин, хореографиясы Б.Аюханов), Клавдий, Гамлет («Гамлет», музыкасы А.Исакова, хореографияся Б.Аюханов), Күйеу жігіт («Қазақ кәдесыйлары», музыкасы Вс.Болгаровский, хореографиясы Б.Аюханов), Батыр («Батырлар», музыкасы А.Исакова, хореографиясы Б.Аюханов), Генерал («Ойыншы», музыкасы С.Прокофьев, хореографиясы Б.Мягков), Свидригайлов («Наваждение», «Қылмыс пен жаза», музыкасы Д.Шостакович, хореографиясы Б.Аюханов), Көшбасшы («Керуен», музыкасы Т.Қажығалиев, хореографиясы Б.Аюханов).
Ресейге көшкеннен кейін ол камералық еврей музыкалық театрында (КЕМТ), Таганка театрында (Мәскеу) жұмыс істеді. Спектакльдерде би және пластикалық сахналарды қойды.