ШАИШМЕЛАШВИЛИ Ольга Тамазиевна
Өмірбаяны
(1978, Ленинград қ.) – театр дизайнері, суретші-сценограф.
1996 ж. – Ресей Өнер академиясы жанындағы В.Иогансон атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік өнер академиялық лицейін бітірген.
2002 ж. – А.Л.Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік өнер және өнеркәсіп академиясын бітірген.
2002 жылдан бастап музыкалық театрдың жобалары мен спектакльдеріне арналған сценография мен костюмдер жасайды. Сценограф және костюм суретшісі ретінде М.Чехов атындағы Рига орыс театрының (Латвия), Мәскеу академиялық сатира театрының, В.И.Качалов атындағы орыс драма театрының (Қазан) драмалық қойылымдарына қатысты. Борис Эйфман балет театрының «Роден» (2011), «Реквием» (2014), «Up & Down» (2015), «Чайковский. Pro et Contra» (2016), Неапольдегі Сан-Карло театрындағы «Requiem», Буэнос-Айрестегі колон театрындағы «Роден» (2014) қойылымдарының костюм дизайнері.
2015-2020 жылдары «Хованщина», «Ойыншы», «Мадам Баттерфляй» (режиссері Василий Бархатов), Б. Циммерманның «Сарбаздары» («Солдаты»), «Евгений Онегин», Ариберт Райманның «Көрінбейтін» / L’Invisible, «Фауст» – Базель театрында (Швейцария), Висбаден мемлекеттік театрында, Саарбрюккен театры, Неміс операсы (Берлин), Стокгольмдегі Корольдік опера (Швеция), Литва ұлттық опера және балет театры. Л.Якобсон атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының қойылымдарында сценограф және костюм бойынша суретші: «Тас жағалау» («Каменный берег»), «Шопениана», «Пакита» балетінен Grand pas, «Ұйқыдағы ару».
«Астана Балет» театрының «Жусан» (2014), «Кармен» (2015), «Саломея» (2018) спектакльдерінің сценографиясы мен костюмдерінің авторы (Хореограф М. Авахри).
Марапаттары: 2018-2019 маусымының «Алтын софит» Санкт-Петербург театр жоғары сыйлығының сараптамалық кеңесінің «Спектакль кеңістігін стандарттан тыс шешкені үшін» («За нестандартное решение пространства спектакля») арнайы сыйлығының иегері («Орыс матрицасы», А. Прикотенконың қойылымы).