ШАНГАЛИЕВ Хамит Халелұлы
Өмірбаяны
(17.06.1981, Жусалы ауылы, Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы) – әнші, композитор, музыкалық продюсер. «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері.
1998-2002 – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің музыка факультетінде Д.М.Байтлеуов сынбында «Баян» мамандығы (қосымша аспап фортепиано) бойынша білім алды. Студенттік жылдары «Жас Қыран» вокалдық тобының (трио) негізін қалаушылардың бірі болды («Жас қанат» эстрадалық ән байқауының ІІ- жүлдесінің иегері (2002).
2003 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясында аранжировщик. «Қазақстан» Орталық концерт залында өз студиясын ашып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. Композитор Т.Мұхамеджановпен бірге Қазақстандағы алғашқы «Жерұйық» рок-операсының музыкасын жазды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Универсиада-2011, ЭКСПО-2017 сынды ауқымды мемлекеттік жобаларға арналған туындылардың авторы. 2013 жылы «Астана Опера» театрына дыбыс режиссері ретінде шақырылды. «Егіз-Лебіз», «Қазақстан дауысы» ТВ-шоуларының музыкалық продюсері.
А.Әлпиевпен бірге 2020 жылдың 4 желтоқсанында тұсауы кесілген «Сұлтан Бейбарыс» балетіне музыка жазды («Астана Балет» театры), «Махаббат тілі» балетіне арналған миниатюралардың авторы («Астана Балет» театры, 2016).