СИДОРКИН Евгений Матвеевич
Өмірбаяны
(07.05.1930, Лебяжье ауылы, Киров облысы, РСФСР - 30.09.1982, Алматы қ.) - графикалық суретші, монументалист. ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965), Шоқан Уәлиханов ат. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), ҚазКСР Халық суретшісі (1981), Лейпцигтегі кітап көрмелерінің қола және алтын медальдарының иегері (1959, 1965), Краковтағы халықаралық графика биенналесінің I сыйлығы мен алтын медалінің иегері, Венециядағы, Будапешттегі халықаралық көрмелердің дипломанты.
1946-1951 - Н. И. Фешин қазан көркемсурет училищесінің оқушысы кейінірек Рига Өнер академиясының студенті.
1957 - И. Е. Репин атындағы Ленинград көркемсурет институтының графика факультетін бітірген. Ленинградта Г. Исмаиловамен бірге оқыды және сонымен Қазақстанға еріп келген болатын.
Кітап графикасы жанрындағы жұмыстардың ішінде қазақ халық ертегілерінің иллюстрациялары ең танымал: «Көңілді өтірікшілер» («Весёлые обманщики», 1958), «Қазақ эпосы» (1959). «Сейфуллинді оқу» циклі үшін Лейпцигтегі халықаралық кітап көрмесінде (1965) алтын медальмен марапатталды.
1971-1979 - М.Әуезовтің «Абай жолы» романына «Ақсақалдар» автолитографиясы мен иллюстрациялар сериясын жасады. Ғимараттардың қасбеттерінде монументалды граффито мен мозаикалық фрескалар жасады, оларға ұлттық элементтерді енгізді. Ол М. Әуезов ат. драма театрына және кинотеатрлар мен мәдениет сарайларына арналған бірнеше суреттер мен мозаикалардың авторы.
Абай МАОБТ-да Т. Мыңбаевтың «Фрескалар» балетіне декорация жасады (хореограф. З. Райбаев), оның премьерасы 1981 жылы 9 шілдеде Ленинградтағы театрдың гастрольдік сапарлары кезінде өтті.