СКУАРЧАПИНО Франка

10.01.2024  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(03.11.1940, Рим қ.) - драмалық және музыкалық театрдағы, сондай-ақ кинодағы спектакльдер үшін өз жұмыстарымен халықаралық деңгейде танылған суретші.

Ол заң оқи бастады, сонымен қатар театр мектебінде оқыды. Сценограф Фриджериомен кездескеннен кейін сахнаны тастап, суретші ретінде жұмыс істей бастады. 1980 жылы Ла Скала театрында дебют жасап, Ролан Петидің хореографиясындағы «Ғажайып мандарин» («Чудесный мандарин») балетіне арналған костюмдердің эскиздерін жасады. Шығармашылық қызмет барысында ол әлемдегі ең ірі театрлармен жемісті жұмыс істейді: Лондон Корольдік театры, Метрополитен операсы, Цюрих операсы, Вена мемлекеттік операсы. Ол кинода көп жұмыс істеді, шығармашылық қоржынында 23-тен астам фильм бар.

«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта», «Бахчисарай бұрқағы», «Баядерка», «Дон Кихот», «Корсар», «Жизель» балеттері мен «Абай», «Мадам Баттерфляй» «Богема», «Кармен», «Севиль шаштаразы» операларалық спектакльдеріне арналған костюмдердің эскиздерін жасалды.

Марапаттар: бейнелеу өнеріндегі ерекше еңбегі үшін алтын медаль. Режиссер Ж. - П. Рапноның «Сирано де Бержерак» фильмі үшін «Оскар» академиясының сыйлығы (1990). «Костюмдер бойынша үздік суретші» номинациясы бойынша Opera Star-2019 халықаралық сыйлығының лауреаты. II дәрежелі «Достық» орденінің иегері (2021).