ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

13.11.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі, 13 көріністі балет.

Композитор - Морис Жарра. Либретто - Ролан Пети, Виктор Гюгоның аттас романы бойынша. Хореография - Ролан Пети. Қоюшы-балетмейстер - Луиджи Бонино. Қоюшы-балетмейстердің көмекшісі - Джилиан Уитингам. Сценография - Рене Алли. Костюм суретшісі - Ив Сен Лоран. Костюмдерді жаңарту бойынша суретші - Филипп Бино. Костюмдерді жаңарту жөніндегі суретшінің көмекшісі - Әсел Досмұратова. Жарық суретшісі және қойылымды үйлестіруші - Жан-Мишель Дезире. Дирижер - Арман Оразғалиев.

Премьерасы 2016 жылы 24, 25 маусымда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры (МОБТ) сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Эсмеральда - Мадина Басбаева, Әйгерім Бекетаева; Квазимодо - Бақтияр Адамжан, Рүстем Сейітбеков; Фролло - Ғазиз Рысқұлов, Серік Нақысбеков; Феб - Жандос Әубәкіров, Арман Уразов.

Әйгілі хореографтың 1965 жылы қойылған ең жақсы балеттерінің бірі. Мұнда ол Гюгоның әйгілі романын мүлдем жаңаша оқылымда ұсынады. Балет романтикалық сезімдерді емес, заманауи проблемаларды көрсетеді. Бүкір Квазимодо бейнесінде хореограф сыртқы сипаттарды қолданбай, өзінің тән дерті мен ұсқынсыздығын пластика арқылы ғана жеткізеді. Оқиға желісі Эсмеральданың Клод Фролло, Феб және Квазимодомен қарым-қатынасына бағытталған. Қойылым «Балеты Ролана Пети» Қорымен (Франция) бірлесіп жасалды.

Медиа галерея

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ

ПАРИЖ ҚҰДАЙ АНАСЫНЫҢ СОБОРЫ